СөЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі»



бет12/19
Дата07.02.2022
өлшемі246 Kb.
#82492
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
СӨЖ 1-7 Банк ісінен

Несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рей­тинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті бе­лу несиелерді авторизациялау;

  • несиелік мониторинг;

  • несиелік портфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (ли­мит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай­ланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет