СөЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі»


Қарыз алушының несиелік қабілеті —



бет8/19
Дата07.02.2022
өлшемі246 Kb.
#82492
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
СӨЖ 1-7 Банк ісінен

Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қ,арыз алушынын, өзінің к,арыздык, міндеттемелері бойынша толык, жэне уақтылы есеп айырысу к,абілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем кабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспекти-вадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып,ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мелшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыт-тағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты ңарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін керсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушынын мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлга ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік та-рихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның не­месе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің бол­уын білдіреді.
Қарьіз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі — оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерий болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:

  1. оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылың қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициент
    негізінде талданады;

  2. несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік елісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уаңтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сактандырушының тұрақты болуы, қарыз алушынын ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
СОҢҒЫ критерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

  • іскерлік тәуекелді бағалау;

  • менеджментті бағалау;

  • к,арыз алушының қаржылық, тұрақтылығын бағалау;

  • қаржылық коэффициенттерді бағалау;

  • ақша тасқынын талдау;

  • қарыз алушы туралы аппарат жинақтау;

орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын к,адағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдік қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет