СӨЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары
ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жыл-дың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялык, банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке түлғалармен кең көлемде банктік операция-лар мен қаржылың қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғы-нан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдың тарихы бар.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бүл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазыла-ды. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдер-ден айырмашылыгы әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалга, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталың лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-аң дамыған шет елдерде ез филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлтық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
Әділет Министрлігтде мемлекеттік тіркеуден өту;
Банк операи,ияларын жүргізуге Ұлттык, банктен ли-
цензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке түлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
рұқсат алу үшін беретін етініші;
құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);
банктің жарғысы (түпнұсқа);
банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттың банктің
белгілеген тізімі бойынша);
құрылтаишылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;
егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын үйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған
бухгалтерлік балансы, үйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережссі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
жаңадан құрылатын банктік несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
жанадан құрылатын бапктің бизнес-жоспары, оның ішнде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен аукымы, қаржылық болашағы (есеп айырісу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
нотариалды түрде куәландырылған, құрылтаишылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезенде жаңадан құралатын банк Ұлттың банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзсге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
—үйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
—жарияланған жарғылык, капшпалды төлеу. Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, кайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: оны төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, қүйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
—сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы кағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау кызметін көрсету, сондай-ақ жауапіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
—ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларын шығару;
банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы ңағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
— ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
—үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
дилерлік — мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздармен;
кастодиандық;
клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Достарыңызбен бөлісу: |