Банктің трастық операциялары
«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Траст операциясы — клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыңалар жатады:
Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) —сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) — траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мүндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.
3. Бенефициар — траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.
Сонымен, банктің траст операи,иясы — бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст ,қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жыл-житын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялың портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа үшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің ңоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мүраға ңалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.
Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
/. Клиенттердің мұраға к,алған мүлкін иемдену;
II. Сенімхат бойынша операщияларды жүзеге асыру;
III. Агенттік қызметтер.
Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.
Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті — бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті отбасы мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.
Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару, Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.
Агенттік (делдалдық) қызметтер.
1. Активтерді сақтау:
бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
бағалы қағаздар бойынша табыс алу;
бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;
бағалы қағаздарға айырбастау;
мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;
активтердің жалпы ңұнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;
клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;
сейфтерді жалға беру.
2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:
бағалы қағаздарды сатып алу-сату;
бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;
клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;
сенім білдірушінің шоттарын төлеу;
сақтандыру полисін рәсімдеу.
Клиент келісімшартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:
клиент атынан келісімшарт жасау;
акциялар мен облигацияларды беру;
несие алу;
чек жазу;
вексельді аударып жазу және т.б.
Траст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы кажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:
бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;
бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;
пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т.б.
облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;
мүлікті кепілдіктен босату;
корпорациялардың (зейнетақы корларының) және т.б қорларын басқару;
сенімхатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру,яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;
акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.
Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.
Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.
Достарыңызбен бөлісу: |