Кіші және орташа компаниялар сан жағынан көп болға- нымен, Америка экономикасында ірі іскер қауымдастықтар шешуші роль атқарады. Бұның бірнеше себебі бар. Үлкен ком- паниялар тауар мен қызмет үсына алады, ол белгілі бір иелік етушіге қастандық жасау немесе қызығушылықтың жоқ бо- луына әкеледі. Сондай-ақ, олардың көбінесе сатылатын өнімнің әрбір түрінің қүнының төмендігіне және көп мөлшер- де болуына байланысты өз өнімдерін арзан бағамен сатуға мүмкіндіктері болады. Олардың нарықтағы тағы бір артықшы- лығы - түтынушыларды өнімдерінің сапасының белгілі бір деңгейіне кепілдік беретіндігіне сендіре алатын фирмалық таң- ба-белгілерімен өздеріне қарай тарта алады. Ірі кәсіпорындар бүкіл экономика үшін өте маңызды роль атқарады. Жаңа өнімдерді өндіру және ғылыми зерттеулер жасау үшін ұсақ фирмаларға қарағанда оларда үлкен қаржы- лай қорлары бар. Осы сияқты фирмалар көбірек және әртүрлі қызмет орындарын және оған жоғарырақ кепілдік бере отыра жоғары еңбек ақы және қартайғанда, ауырып қалғанда алатын ұтымды жәрдемақы үсына алады. Дегенмен де, американдықтар үлкен компанияларға екі жақты қарайды: экономикалық жағдайдағы маңызды үлесін мойындай отыра, олардың жаңа өндіріс орындарын тұншықты- рыл, түтынушылардың таңдау мүмкіндіктерін жойыл тастай- тындай күш алып кетуінен жасқанады. Бүдан басқа, үлкен корпорациялар кейде өзгеріп жатқан экономикалық жағ- дайларға бейімделуде икемсіздік көрсетеді.
Бүгін де АҚШ экономикасында алып корпорациялардың ешқандай да шешуші жағдайға ие емес екендігі көптеген сыр- ттан келушілерді таң қалдыруда. Елдегі тәуелсіз кәсіпорын- дардың 99 пайызында 500 адамнан кем жұмыскер қызмет іст- ейді. АҚШ-тың Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің (8ВА) мәліметтеріне сәйкес барлық қызмет етушілердің 52 пайызы осы шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Шамамен 19.6 миллион американдық жиырмадан кем жұмыс орны бар компанияларда, 18.4 миллион адам 20-99 аралығында кісіге жұмыс бере алатын фирмаларда, ал 14.6 миллион адам 100-499-ға дейін жұмыс орны бар кәсіпорындарда қызмет етеді. Ал, керісінше американдықтардың 47.7 миллионы 500-ден жоғары жұмыс орнын үсына алатын фирмаларда қыз- мет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындары Америка экономикасы үшін тұрақты динамизмнің түп негізі болып табылады. 1990-1995 жылдар аралығында олар экономикадағы 3/4 жаңа жұмыс орнын ашты, бұл 1980-ші жылдарға қарағанда жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне қосқан үлкен үлес болып табылады. Сонымен қатар бұл экономикаға жаңа топтардың кіруіне жол ашылғанын көрсетеді. Мысалы: әйелдер кіші бизнеске белсене қатысады. Әйелдердің жеке меншігіндегі кәсіпорындар саны 1987-1997 жылдар аралығында 89 пайызға, яғни 8.1 миллион- ға дейін өскен, ал 2000 жылы кәсіпорынның сол секілді түрлерінде әйелдер жеке меншігіндегі жеке иеленушілер саны 35 пайызға жетеді деп күтілген болатын.
Көптеген америкалық іскер кәсіпорындардың сәтті өсіп өркендеуінің негізгі факторы - корпоративтік жүйе екені анық. Алайда, кей кездері американдықтар ірі корпорацияларға күмәнмен қарайды жқне де сол корпорациялардың жетекш- ілерінің өздері де олардың көлемінің өсуінің пайдалы екеніне толық сене бермейді. 19-шы ғасырдың соңына таман шағын компанияларды жою мақсатымен капиталдың ірі сомасын өндіре алатын және бәсекелестікті болдырмау үшін бір бірімен келісімге келе ала- тын корпорацияларға көптеген американдықтар үреймен қараған болатын. Осы екі жағдайда да, сыншылардың пікірінше, монополиялар іскерлік іс-әрекет аймағында өзінің тауары мен қызметіне түтынушыларды жоғарғы бағамен төлеуге мәжбүрледі және сонымен бірге түтынушыларды таңдау мүмкіндігінен айырлы. Осындай қауіп монополияға жол бер- меуге немесе оның көбеюіне қарсы бағытталған негізгі екі заңның, 1980 жылы шыққан Шерманның және 1914 жылғы Клейтонның монополияға қарсы заңдарының өмірге келуіне себеп болды. 20-шы ғасыр бойы монополияларды шектеу үшін осы заңдарды мемлекеттік билік қолданған болатын