Сөж Екіншілік нейроинфекциялар Орындаған: Қамытаев ә



бет3/7
Дата18.09.2022
өлшемі1,42 Mb.
#149840
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ Екіншілік Нейроинфекциялар Қамытаев Ә ЖМ505Б 1

4. Сифилистік менингомиелит. Ауру түбіршек ауырсынуы мен арқа, құрсақ және парестезия пайда болуынан басталады. Оларға біртіндеп жұлынның зақымдану симптомдары қосылады. Кейбір ауруларда жұлын зақымдануы, басқаларында менингеалдық және түбірлік синдромдар басым білінеді. Ми-жұлын сұйығындағы өзгерістердің сифилистік менингиттен айырмашылығы жоқ.

5. Сифилистік невриттер көптеген жағдайларда радикуломенингеалдық синдроммен байланысты. Қатты ауырсыну, әсіресе түн ортасында, иық өрімінің зақымдануы жиі кездеседі. Полиневрит көріністері де белгі беруі мүмкін.

6. Сифилистік эндоартериит адвентиция мен ми қабықтарында, қан тамырларының ішкі астарлы қабатында білінетін қабыну-өнімдік өзгерістермен сипатталады. Ортаңғы ми артериясы бітелгенде гемиплегия немесе гемипарез, ал негізгі артерия бітелгенде альтернирленген салдану, көру, есту және бульбарлық бұзылымдар пайда болады. Қан тамырларының толық бітелуі бас ауыру, бас айналу, өтпелі парездер мен парестезиялар байқалады. Ұсақ қан тамырларының жайылған сифилистік эндоартерииті бас ауыруымен, есте сақтау және интеллект бұзылуымен, өткінші ми қан ағысы бұзылуымен білінеді.

Алғашқы кезеңде астения симптомдары (шаршағыштық, ашуланғыштық, бас ауыру) басым болады. Аурудың дамуы кезінде ақылдан алжасуға дейінгі психикалық өзгерістер үдей түседі.

7. Ми мен жұлын гуммасы бірнеше күн, апта бойы созылыңқы өрбиді. Ошақтық симптомдар патологиялық үрдістің орталық нерв жүйесі құрылымдарына орнығуына байланысты. Көз түбінде іркілістік құбылыстар жиі байқалады. Мөлдір ми-жұлын сұйығы жоғары қысыммен ағады, онда белок мөлшері көбейіп, аздаған лимфоцитарлық плеоцитоз білінеді.


ІІ. Сифилистің эктодермалық түрі.
    • Жұлын семуі. Аса айқын өзгерістер жұлынның артқы түбіршектері мен артқы бағандарында көрініс береді. Дегенеративтік-қабыну өзгерістері нерв жүйесінің басқа да бөліктерінде (жұлын, ми бағаны, қыртыс асты түйіндері, ми қыртысы, бас сүйек-ми нервтерінің қабықшалары мен түбіршектері) пайда болады. Көру, көз қозғайтын, әкеткіш және есту нервтері жиі зардап шегеді. Клиникалық ағымы 3 кезеңге бөлінеді. 1) невралгиялық. 2) атаксиялық. 3) салдану.
    • Амиотрофикалық жұлындық сифилис жұлынның алдыңғы мүйіздері зақымдануы салдарынан баяу үдейтін бұлшық еттер атрофиясымен білінеді. Алғашқыда қолдың төменгі бөліктерінің, кейінірек жоғарғы бөліктерінің, арқа мен кеуденің бұлшық еттері зардап шегеді. Бұлшық еттер семуіне олардың фибриллярлық жыбырлауы мен азғындалуы қабаттасады.
    • Эрба сіреспелі салдануы аяқтардың біртіндеп үдейтін сіреспелі парездерімен сипатталады. Кейінірек оларға жамбас қуысы ағзалары функциясының бұзылымдары және сезімділік, трофикалық бұзылымдар қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет