Бентониттер
деп – жоғары пластикалық негізде монтмориллониттен
құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90 пайызы өте уақ 0,001 мм-ден
кем бөлшектерден тұрады. Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі
0,001 мм бөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы
өседі.Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа –
далашпаты, олардың балқу темпера-турасын төмендетеді. Темір тотығы
оларға қызыл, ал басқа, әсіресе көміртегіне бай органикалық қоспалар қоңыр,
т.б. түстер (өңдер) береді. Кальцийлі карбонат “көпірме” атты ақау (кемістік)
келтіреді.
Шамот
– түйірленген (0,14-2 мм) керамикалық материалдар. Ол сазды
күйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылы алынады
немесе кірпіштің қалдықтарынан (сынықтарынан) дайындалады. Шамотты
немесе осы топта жататын жоғарыда көрсетілген басқа да заттарды қосқанда
балшықты кептіру, күйдіру процестері жеңілдеп, сапасы жоғары беттік
кірпіш пен отқа төзімді бұйымдар алынады.
Саз сумен араластырғанда иленгіш қамырға айналады.
Иленгіштік
деп
– саздың қамыр күйінде сыртқы күштің әсерінен керек форманы ажырамай
(үзіліссіз), шытынамай (қуыссыз) қабылдап, оны кептірген және
күйдіргеннен кейін сақтау қасиетін атайды. Иленгіштіктің техникалық
көрсеткіші пластикалық санмен (Пл) сипатталынады.
Пл = Wa – Wш;