Сөж тақырыбы: «Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат» Орындаған: Орынбекова Б. И. Тексерген: Козгамбаева Г. Б. Алматы 2021 ж жоспар


жылы Қазақстанның 5 губерниясы – Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай және Адай уезі ашаршылыққа ұшырады. 1920-1923 жылы



бет4/6
Дата29.12.2021
өлшемі257,71 Kb.
#106349
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ
140616, О ытуды йымдастыру формалары
1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы – Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай және Адай уезі ашаршылыққа ұшырады.

1920-1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша, 1921 жылғы қиын жағдайда Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекенде нәубет кесірінен халық түгелдей дерлік зардап шеккен, яғни не аштан өлген, не босып кеткен.

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3498 Су тасу. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.



1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, Орынбор губерниясында – 437 776, Қостанай губерниясында – 252 816, Ақтөбе губерниясында – 359 326, Орал губерниясында – 277 835, Бөкей губерниясында – 100 мың, Адай уезінде – 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады.

ҚзОАК-нің Төрағасы С.Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында сол жылдың көктемінде алынған жартылай дерек бойынша Қазақстанда 2 832 000 адам аштық зардабын тартқаны жайлы айтылады.



Ашыққан адамдарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтың мәліметінше, сол жылдары 1 млн 700 мың адам аштықтан көз жұмған.

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3448 Базардағы жоқшылық. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
Ал Қазақстан Тарих институтының директоры, тарихшы Бүркіт Аяғанның пікірінше, 1920 жылдардағы аштықтан өлгендер саны 2,3 миллион адамға жеткені жөнінде мәліметтер бар.

1921-1922 жылдардағы нәубет құрбандары санына қатысты деректерге келгенде тарихшылар мен зерттеушілер бір келісімге келген жоқ. Сол себепті орта есеппен 1919-1923 жыл аралығы шамамен 1,7-2,3 миллион адам қаза тапты, ал 2-2,5 миллион адам босып кетті деп шамалап айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет