СӨж тақырыбы: Бизнес-жоспар Орындаған: Жұмаханова Ә. С,Қыдырбаева Қ. С топ: «Мжжб-242» Тексерген: Астаубаева Г. Н алматы,2016 Бизнес-жоспар



Дата31.10.2019
өлшемі1,05 Mb.
#50890
Байланысты:
veb srs

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Нархоз университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Бизнес-жоспар

Орындаған: Жұмаханова Ә.С,Қыдырбаева Қ.С

Топ: «МжЖБ-242»

Тексерген:Астаубаева Г.Н

Алматы,2016



Бизнес-жоспар

Кондитерлік өнімдер шығаратын цех құру



Мазмұны


Кестелер тізімі......................................................................................................4

Кіріспе....................................................................................................................5

1. Өнімнің сипаттамасы........................................................................................6

2. Маркетинг жоспары...........................................................................................

3. Өндірістер бағдарламасы...................................................................................

4. Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер..................

5.Ұйымдастыру,басқару және құрам....................................................................

6.Қаржыландыру қажеттілігі.................................................................................

7. Жобаның тиімділігі.............................................................................................

Кестелер тізімі

1-кесте. Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі.

2-кесте. Тауарлардың негізгі түрлері.

3–кесте . Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы.

4-кесте. Өнімге жоспарланған баға.

5- кесте.Жобаның инвестициялары.

6- кесте.Кредиттеу шарттары.



Кіріспе

Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.

Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.

Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.

Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.

Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.

Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.

Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кондитерлік өнімдер шығаратын цех құру мүмкіндігі қарастырылады. 



1. Өнімнің сипаттамасы

Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кондитерлік өнімдер шығаратын цех құру көзделген.

Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.

Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустрияландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.

Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.

1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі



Өнім атауы

Түрі

Печенье

сүзбемен

Вафли

арахиспен

Мармелад

бояғыштар қосылған

Кептірілген нан

ірімшікпен



2.Маркетинг жоспары

Жобаның маркетингтік стратегиясын дайындауға ұсынылатын тауарлар, бағалар,дистрибуция және алға жылжыту бағытында стратегия әзірлеу кіреді. Төменде аталған бағыттар бойынша әзірленген стратегия берілген.



Тауар стратегиясы.

Тауарлардың негізгі түрлері және оларға ұсынылатын болжамдық бағалар 5-кестеде берілген.

2-кесте. Тауарлардың негізгі түрлері

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы

Кондитерлік өнімдер түр-түрімен

Бірлік

Прайс-параққа сай

Баға стратегиясы.

Баға стартегиясы мынадай шараларды қарастырады:

1. бәсекелестердің бағалық саясатын барлау;

2. жеңілдіктер жүйесін пайдалану;

3. жұмсалған қаражаттардың жабылуы мен қолданыстағы әрекет етуші заңнама

талаптарын ескере отырып баға қалыптастыру;

4. төлеудің икемді түрлерін қалыптастыру – төлемді кешіктіре қайтару жүйесін енгізу.

Дистрибуциялық стратегия.

Компанияның коммерциялық қызметі төлемге қабілетті алармандарды іздеуге бағытталуы керек және олармен ұзақ мерзімдік қарым-қатынас қалыптастыру болуы шарт.



Алға жылжыту стратегиясы.

Алға қойылып отырған маркетингтік мақсаттарға жету Компаниядан бағыттың таңдалып алынған тұстарын жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.Қызметтерді алға жылжыту бойынша шаралар кешеніне жарнамаларды енгізу ұсынылады.

Жарнама құралдары ретінде мыналар пайдаланылады:

1. Специализирленген баспа құралдары;

2. Специализирленген ТВ және Радио бағдарламалары;

3. дербес сайт;

4. ғаламторлық маркетинг.

3. Өндірістер бағдарламасы

Жобаның бастапқы айларында кондитер цехы толық қуатында қосылмайды, бұл нарықтағы орнын иеленуіне байланысты болады.

2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

3–кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы



Көрсеткіш

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Қуаты

77%

93%

95%

100%

100%

100%

100%

Сүзбе қосылған печенье,кг

2760

4440

4560

4800

4800

4800

4800

Вафли,кг

2553

4107

4218

4440

4440

4440

4440

Мармелад,кг

2553

4107

4218

4440

4440

4440

4440

Кептірілген нан,кг

1850

2120

2560

2800

2800

2800

2800

Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы мен жарамсыздық пайызы ескерілген ең төмен экономикалық тиімділігі ескеріле отырып есептелді.

4-кесте – Өнімге жоспарланған баға



Атауы

Мәні,тг/кг

Сүзбе қосылған печенье

460

Вафли

350

Мармелад

400

Кептірілген нан

290

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

4. Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер

Кондитер өнімдері Кеден одағының «Сезімтал тауарлар тізбесіне» енгізілген. Әкелу кеден бажының ставкасын Кеден одағының комиссиясы кейіннен консенсуммен қабылдайтын болады. Баждың орташа ставкасы әріптес елдердің «нөлдік ставкасы» есебінен төмен болады, бұл импорттың, әсіресе Ресейден келетін импорттың ұлғаюына әкеледі. Бірақ бұл ішінара Қазақстанның өндіріс қуатын ұлғайтуына және сапаны сақтауына байланысты болады.

Қазақстанда кондитер өнімдерінің бағасы инфляция диапазонында өсу үрдісін сақтайды деп күтілуде.

ATFBank Research сарапшыларының бағалауы бойынша нақты ақша кірісінің 1%-ға өсуі заттай мәніндегі тұтыну көлемінің 0,6%-ға ұлғаюына әкеледі. Болашақта кондитер өнімдерін тұтыну көлемін одан әрі ұлғайту күтілуде.



5. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы мынадай негізгі ұйымдастыру бірліктерінен тұрады:

Мынадай негізгі талаптарға сәйкес келетін кондитер:

- кәсіби білімінің болуы;

- ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісінің рецептері мен технологиясын білуі

- шикізаттың сипатын, құрылымын, қолданылуын, сақтау шарттары мен мерзімдерін білуі;

- ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары деңгейде өңделуі әдістері мен тәсілдерін білуі;

- жұмыс істеу принциптері мен технологиялық жабдықтарды пайдалану қағидаларын және т.б. білуі;

- жоба бойынша 2 кондитер қарастырылған, біреуі пісірумен, екіншісі сыртқы келбетін әшекейлеумен айналысады.

• Сатушы, оның қызметіне ұннан жасалған кондитер өнімдерін сату, өтінімдер, шикізат пен материалдарды жеткізушілерден тапсырыстар қабылдау және т.б. жатады.

• Бухгалтер, ол кәсіпорынның бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуді жүзеге асырады.

• Еден жуушы.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы төменде келтірілген түрлерден тұрады (1-сурет).

1-сурет - Ұйымдастыру құрылымы



Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.



6. Қаржыландыру қажеттілігі

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығыстар мыналарды қамтиды:

5-кесте.Жобаның инвестициялары

Шығыстар,мың тг

2016

Негнізгі капиталға салынған инвестициялар

236000

Айналым капиталы

716000

Барлығы

952000

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:

6-кесте.Кредиттеу шарттары

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставкасы

Жылдық 7 пайыз

Өтеу мерзімі

6 жыл

Пайыздарды және негізгі борышты төлеу

Ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі

3 ай

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі

6

Өтеу түрі

Тең үлестермен


7. Жобаның тиімділігі

Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр.

• операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет;

• инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі;



• қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.

Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін көрсетіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет