Әл-Фараби: «Әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін,
бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана табиғатына сай жетілу дәрежесіне ие бола алады. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ» , – дейді. Ол қала-мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық
мінездемесін бере отырып, ізгі қалалардың жетілдірілген әлеуметтік
құрылымының анықтамасын берді. Кейбір мәселелерге түсінік берген кезде ақыл-ой мен терең философиялық білімге ие болған әл-Фараби өз дәуірінен асып түсті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Молодой ученый» ғылыми мақаласы.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» және қазақ утопиясы.