Сөж тақырыбы: Мәдени тарихы мұрадағы және


айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата07.02.2022
өлшемі123,18 Kb.
#92227
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
111гулмир срс тарих

айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің 
рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын 
тұжырымдамасы - ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс. Ал 
нақты ұлттық идея тікелей сол халықтың арасында 
қалыптасады. Саяси жүйенің көшбасшылары уақыт өте 
келе ауысып отыруы мүмкін, бірақ халық өзінің ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан, ғасырлар бойы иемденген және 
жоғалтып алған ұлттық құндылықтарымен, жағымды 
және жағымсыз қасиеттерімен қалады, сонымен қатар 
өзара ұлттық менталитетті қалыптастырады. 
Мемлекеттік рәміздер мәдениетіміз, тарихымыз бен 
менталитетііміздің көркем туындысы болуы керек. 
Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-
қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы 
елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа 
сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік рәміз бойынша 
елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады, 
өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, 
бүтіндей мәдениеті жатыр, сондықтан ол отансүйгіштік 
сезімнің бастау көзі бола алады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік рәміздерді білмейтін адам 
кемде-кем шығар. Өйткені мемлекеттік рәміздер 
педагогикалық білім беру жүйесінде және білім беру 


тәжірибесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде. 
Мемлекеттік рәміздер мектепке дейінгі білім беру 
мекемелерінде тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі болып 
табылуда, сондай-ақ жалпы білім беру мектептері мен ҰБТ 
бойынша арнайы пән ретінде енгізілген. Бүгін ереже 
бойынша жастар өз мемлекетінің рәміздерін ата-
аналарына қарағанда жақсы біледі.
Қорыта келе айтатыным, еліміздің ежелден аңсаған 
Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі 
мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік 
рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен 
еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік 
рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет 
болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық 
пен бейбітшілікті насихаттау жолында және 
мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән 
белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін 
төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Пайдаланылған әдебиеттер:Назарбаев Н. Тарих 
толқынында. – «Атамұра», 1999.
Сыдықов Е. Тәуелсіздік тірегі – тарихи таным . Қазақ 
тарихы. - 2003 ж. №2.
Жұмабаев С. Қазақ тарихындағы рәміздер .Дала мен қала. - 
2007 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет