Ұсақ артериялар мен веналар, артериолалар мен метаартериолалар адренергиялық және холинергиялық симпатикалық жүйелермен нервтенген;
Прекапиллярлар мен капиллярлар, венулалар көбінесе гуморальдық әсерлерге сезімтал келеді.
Микротамырлардың барлығына, оның ішінде капиллярларға да жүйке әсер етеді. Кейбір жүйкенің ұшы капиллярларға тығыз жақындап, одан бөлінетін медиаторлар арқылы тікелей әсер етеді.
Қанайналым жүйесінің негізгі қызметтері
тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау).