Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты



бет6/26
Дата08.12.2023
өлшемі98,68 Kb.
#195481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Задани по олимп 7 класс

5- сабақ
ТАСЫМАЛ

    • Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

    • Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке – реге, кере – ге;

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

  1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а – та, ә – ке, арми – я.)

  2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)

  3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.)

  1. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов. Қ.С.Мусин)

  2. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 га)

Мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына керекті сөз табыны қойыңыз.


1. Оқу – білім бұлағы,
...... – өмір шырағы.
2. Өнер көпке де жеткізеді,
Көкке де .................... .
3. Оқусыз білім жоқ,
.......... күнің жоқ.
4. Білім қымбат, білу ...........
5. Отан ....... отқа түс, күймейсің.
6. Егеменнің иілгені – сынғаны,
Ер жігіттің .......... сөйлегені – өлгені.
7. Сен жырламасаң, екен, ............. тыңдамасам екен.
8. Күн ............ басылар, көктің жүзі ашылар.
(мен, қиын, білім, үшін, күркіреп, екі, білімсіз, жеткізеді)

Үй жұмысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет