Практикаға пайдасы: Құзіреттілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыру мектепте білім берудің практикалық бағытталуын күшейтуді, оқушылардың ойлау әрекеттерін дамытуды, практикалық дағдыларын қалыптастыруды, шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік және эксперименттік сипаттағы өзіндік жұмыстың үлесін арттыруды білдіреді.
Теориялық маңыздылығы: Орта мектепте математиканы оқыту үрдісінде математикалық терминдер мен символдарды және оған байланысты проблеманы Қазақстандағы математикалық білімнің даму тарихынан сырт қарауға болмайды.
Қолданбалық маңызы: Оқулықтағы терминдер мен символдар арқылы математиканы тереңдете оқытуда, математикалық тілдің қалыптасуына үлесі зор.
Жаңалығы: Орта мектепте математиканы оқыту процесінде математикалық терминдер мен символдарды дұрыс қолдану және оған байланысты проблеманы айқындап көрсету, табылған шешімдер арқылы оқушыға қызықты, нақты білім беруге болатынына нақтылай көз жеткізу.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, проблемасы, болжамы, объектісі, пәні, теориялық және әдістемелік негіздері, зерттеу көздері мен әдістері, диссертацияның ғылымға және практикаға пайдасы және жаңалығы баяндалады.
«Математиканы оқыту үрдісінде терминдердің жасалу жолдары мен қолданылу мәселелері» атты бірінші тарауда Математиканы оқытудың психологиялық – педагогикалық негіздері, математикалық тілдің қалыптасуы, математика терминологиясын жасауда қолданылатын принциптер, термин этимологиясын сабақта пайдалану, математиканы оқыту үрдісінде терминдерді пайдалану мәселелері қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |