Соөж тақырыбы: “Экономикалық дамудың кластерлік принципі- елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру”



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі119,13 Kb.
#95972
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабырбек Динара БК-4

Бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастыруға болатын көп қырлы экономикалық категория.Бұл мемлекеттің , тауардың, тауар өндірушілердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігі.Осы деңгейлердің арасында тығыз байланыс бар:елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік ақыр соңында белгілі бір өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіре алу қабілетіне байланысты.
Қазақстан Республикасы үкіметімен 2007 жылдың 28 желтоқсанында “Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы” 1332 Қаулысы қабылданды. Қаулыда Қазақстан үшін түрлі халықаралық рейтингтерде жақсы позицияларға жету ғана емес, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрмыс жағдайының тұрақты етуін қамтамасыз ету де маңызды екендігі атап көрсетілген. Қазақстанның бәсекелік артықшылығы еңбек нарығы және макроэкономикалық ортаның тиімділігі болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан денсаулық сақтау мен бастауыш білім, қаржылық нарық дамуы, компаниялар мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты факторлар да әлсіз позицияларды иеленіп отыр.
Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі институттар, инфрақұрылым, жоғары білім мен кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.
Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілік деңгнйіне негізгі техникалық қорлардың, әсіресе ауылшаруашылығындағы қорлардың , моральды және физикалық тозуы теріс әсер етіп отыр.Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы негізі технологиялық құрал – жабдықтардың жасы 25 жылдан асады. Өндірістік қорлардың тозуы 70%-да, яғни өндірістік қуаттың физикалық құлдырауы басталатын нормаға жетіп отыр. Жоғары деңгейлі технологияларды қолдану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі дамыған елдерден 10 есеге артта қалуды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет