Соөж тақырыбы: “Экономикалық дамудың кластерлік принципі- елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру”


Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі119,13 Kb.
#95972
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабырбек Динара БК-4

2.Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы.
Қазіргі таңда барынша монополияланған нарықтарға ірі көлемде капитал салуды қажет ететін салалар жатады.Бұл нарыққа әуе тасымалдаулары, телевизиялық бағдарламаларды эфир арқылы трансляциялау, ұлттық спутник байланысы т.б жатады.2001 жылы 19 қаңтарда “Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы” Заң қабылданды.Ол еркін бәсекені дамытуға, кәсіпкерлікті өркендетуге, тауар нарығының тиімді әрекет етуін қамтамасыз етуге сондай-ақ монополиялық қызметті шектеуге, алдын алуға және реттеуге бағытталады.Мұнда монополияға қарсы реттеу жүйесінің әрекет ету механизміне елеулі мән берілді.
Бәсекенің ел экономикасының қаншалықты дамығандығын көрсететін факторлардың бірі екендігі белгілі. Алайда кез келген бәсеке мемлекет тарапынан қорғалуға және қолдау көрсетілуге тиіс. Бұл ретте әділ бәсекелестікті дамытудың маңызы ерекше. Дегенмен теріс бәсекелестік белгілері де ұшырасып қалып жатады.
Осы жағымсыз құбылысты реттеу Қазақстан Республикасында 1998 жылы 9 маусымда “Теріс бәсеке туралы” Заң қабылданды.Бұл заң Қазақстан Республикасының конституциясына сүйенеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларынан тұрады.Теріс мақсаттағы бәсекеге ықпал етудің тиімділігін арттыру үшін 2000 жылы 15 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының теріс бәсеке туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданды, оның нормалары теріс мақсаттағы бәсекеге айыппұл салу санкцияларын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет