Соөж тақырыбы: “Экономикалық дамудың кластерлік принципі- елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру”


Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі119,13 Kb.
#95972
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабырбек Динара БК-4

3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажетті болып отырған бәсекелік ортаны тиімді қалыптастыру үшін және оның дамуының мәселелерін келесідей шешу жолдары арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады.Сонымен ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі шараларды жүзеге асыруымыз керек:

  • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін жоғарлатуды мемлекет өз қызметі деп алуы керек;

  • Отандық өнеркәсіптердің арасында өзара бәсекелестікті дамытып, олардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Өнеркәсіп салаларында фирмааралық кооперациялар құру;

  • Әр түрлі дамыған елдердің компанияларының стратегиялық альянстарына кіруге талпыныс жасау;

  • Ғылыми-өндірістік ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиімді қызмет ететін ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бірлестіктер құру;

  • ҒЗТКЖ-ның әр түрлі субъектілері арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;

  • Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үшін несие жүйесін және лизингтік қатынастарды дамыту;

  • Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру үшін өнеркәсіптің жоспарын құру, оның басты мақсаты ішкі және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелестік күреске басымдылық көрсетуге бейім ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын ұйымдастыру;

  • Қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегияны саналы түрде жүзеге асыру.

Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.Экономикалық өсу , ЖҰӨ -дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану – Қазақстан 2030 стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
Қорытынды.
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды.Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды.Демек, әлемдік экономикада алатын орнымыз,экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты.Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да , міндеті де бәсекеге қабілеттілік болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет