Сот сабағының тақырыбы: «Тіл – күретамыр» Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2018
өлшемі34,46 Kb.
#48302

Ұрпақ қамы – қай халықты болмасын ойландыратын ауқымды да күрделі мәселе, сондықтан да тарихымызда бұл жайт бойынша дүниежүзілік ой пікірдің дамуына дәлел боларлық мол мұра жинақталған. Айтарлық,хакас халқының «Ағаш қурамай тұрғанда оны ие біл, ал жас баланы жас кезінде тәрбиелей біл», татар халқының «шыбық кезінде сынбаған, таяқ кезінде сынбайды», қазақ халқының «тәрбие тал бесіктен басталады» деген тұжырымды ойлары осының айғағы емес пе?

Жаңа ғасырдағыҚазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі ұрпақ десек, оларды жан – жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп тәрбиелеуден бұрын басты назарда тұрған өз елінің патриоты етіп шығару әр ұстаздың алдындағы зор міндет екені айтпаса да түсінікті.

Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан – жақты дамыған, өмірге араласа алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын, және ең негізгісі өз елінің патриоты болатын тұлға қалыптастыру. Осы мақсатта назарларыңызға жаңаша сабақ үлгісін ұсынып отырмын.



Сот сабағының тақырыбы: «Тіл – күретамыр»

Сабақтың мақсаты: Ана тілін қадірлеу, өз тілін құрметтеу және басқа тілдерді де меңгеріп, өз елінің тілін сүйген патриот болуға жетелеу.

Сабақтың міндеттері:

  • Ана тілі - өмірдің тұтқасы

    • ана тілі – мемлекеттік тіл

    • ана тілі – ар –ождан

    • ана тілі – намыс көкжиегі

    • ана тілі – қадір – қасиет

    • ана тілі – тарих шежіресі

    • ана тілі – салт – санамыз

    • ана тілі – баба тілі

    • ана тілі – арыстарымыз аңсаған тіл

    • ана тілі – тәуелсіздік тұғыры екенін жүрек түкпірлеріне ұялату.

Кейіпкерлер:

2

  • Қорғаушы: Әбдуәлі Ақжарқын

  • Айыптаушы: Есбол Есенгелді

  • Айыпталушы: 1 Райымбек Байсұлтан

Куәгерлер: Көршісі: Омарбек Қарлығаш 3 рөлде

Сыныптасы:1.Рахманова Мадина....2 рөлде.

2.Әбдіқали Нұржан

3...Рахманова Аружан

4..Қаһар Алтынай

5.......................................................



6 .........................................................

Қазақ тілі мен әдебит пәні мұғалімі: Тұрсынқұлова Айгул Манапқызының сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қаны қазақ, жаны қазақ ағайын!

Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік... Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттерімен теңесіп, төңірегіміздегі елдер бізбен санасады.
2
Бұл ойдың түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетін кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу» деп атап көрсеткен. Сондықтан мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Сот сабағы» іс – шарасына қош келіпсіздер:


Полиция қызметкері: Тұрыңдар! Сот келеді!

Сот:

Бүгін, 2013 жылдың қыркүйек айының 23-і күні, 9- сынып оқушысы, Райымбек Байсұлтанның өз ана тілін шұбарлап, таза сөйлемегені үшін «Тіл жанашырлар штабы» жарғысының 6- бабына сәйкес айып тағылады.

Сот процесін мен, Лесбек Рауан жүргіземін.

Сот өкілдері:



  • Түлкібас ауданының «Нұр Отан» саяси партиясының мүшесі. ...............................................................................................

  • Н. Тұрсынбеков атындағы ШЖНО мектебінің директоры: .....................................................................................................

  • Н. Тұрсынбеков атындағы ШЖНО мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Қорғаушы: Әбдуәлі Ақжарқын.

Айыптаушы: Есбол Есенгелді.

Соттың хатшысы: .Омарбек Нұрай.

Соттың сөзі: Алғашқы сөз айыптаушы, Есбол Есенгелдіге беріледі.
Айыптаушы: Құрметті, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін Еңбекші ауылында тұратын, Н. Тұрсынбеков атындағы ШЖНО мектебінің оқушысы Райымбек Байсұлтанның үстінен ана тілін шұбарлағаны үшін іс қозғалады. Байсұлтан Еңбекші ауылында қазақ отбасында дүниеге келе отыра бір емес, бірнеше мәрте орысша сөйлеп тұрған жерінен ұсталған. Тіл – қазақтың ары да, бары да дей отыра, өз арын таптады деген айып тағылып, «Тіл жанашырлар штабы» жарғысының 6- бабы бойынша мектеп би кештерінен аластату секілді ең ауыр жазаға тартуды ұсынамын.

Сөзімнің айғағы ретінде бірінші куәгерді ортаға шақыруға рұқсат етіңіз.



Сот: Рұқсат, ....................................................... шақырыңыз.

(Полиция қызметкері залға куәгерді шақырады.)



Полиция қызметкері: Куәгер......................................................... кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда, қашан тудыңыз, қайда тұрасыз? Қайда оқисыз, нешінші сыныпта?

Куәгер: Мен, ............................................... ....

Сот: Айыптаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.

Айыптаушы: .................... ханым, айыпталушы туралы ,не білесіз, бәрін жасырмай айта беріңіз.

Куәгер: Мен Байсұлтанның көршісімін. Осы ауылға көшіп келгелі көп болған жоқ. Дегенмен осы уақыттан бері оның үнемі не орысша, немесе қазақшаға орыс тілін қосып сөйлейтінін көремін. Мен оған ескерту жасағанмен құлақ аспайды. «Тілін білмеген – түбін білмейді» дейді ғой қазақ. Байсұлтан сияқта адамдар күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келдірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше Байсұлтандай адамдардың проблемасы – халықтық проблема! Біздің қазақ тілі - мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу азаматтығымыздың ең шынайы түрі.

3
Сот: қорғаушы ханым куәгерге сұрағыңыз бар ма?



Қорғаушы: Қазіргі кезде Байсұлтан тұрмақ қазақшаға жетік заңгерлердің өзі қазақша заңнамалық актілерін оқымайды. Бұл үшін оларға кінә қоюға болмайды. Өйткені, қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің біразы түсініксіз жазылған. Орысша оқысақ түсініктірек, қолдануға жеңіл. Қазақша мәтіндердің осындай хәлі ұлттық намысқа тиеді, мемлекеттің мәдениетімізге нұсқан тигізеді.

Осы орайда келесі куәгерімізді шақыруға рұқсат етіңіз.



Сот: Рұқсат, ................................................................. шақырыңыз.

(Полиция қызметкері залға куәгерді шақырады.)



Полиция қызметкері: Куәгер ................................................. кіріңіз.

Сот: куәгер, ..........................................., өзіңізді таныстырып кетіңіз. Кайда тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.

Куәгер:Мен, ................................................................. ....



Сот: Қорғаушы сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.

Қорғаушы: Мадина ханым, осы жағдай туралы ,не білесіз, бізге баршындықты айтып берсеңіз.

Куәгер: Мен өзім Байсұлтанды 1-сыныптан бері білемін. Оған тағылған айыппен келіспеймін. Себебі, сабаққа қатысты ізденіс жұмысы барысында, ең алдымен , Конститутцияның өзінде тілге қатысты талаптар сақталмағанын байқадым. Мысалы: 15-бапта өлім жазасын орысшада «исключительная мера» десе, қазақшада «ең ауыр жаза» делінген. Дұрысы «айрықша жаза». 19- бап 1-ші тармағында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы» орысшадан «немесе» деп аударылатын сөзді «және» деп қате аударған. Міне,Ата заңымызда осындай қате кетіп жатқанда Байсұлтаннан не сұрайсыздар?!



Сот: 2- жақ куәгерге сұрағыңыз бар ма?

-жоқ.

Айыптаушы: Осы ретте К.Паустовскийдің «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Өз Отанына деген махабат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болу мүмкін емес» , деген сөздері еске түседі.. Ендеше, Байсұлтанның бұл қылығы өз елінің патриоты емес дегенмен тең!
Қорғаушы: Келіспеймін! Еліміздің мүддесін жоғары қойып, дамуына елбасымен бірге атсалысып жүрген талай патриот шенеулік ағайларымыз, жоғары лауазымды адамдардың көбі іскерлі болғанымен өзі ана тіліне шорқақ. Сондықтан сіздің сөзіңіздің жаны жоқ, менің қорғалушымды Патриот емес деу қате. Жоғарғы мәртебелім бұл айыптаумен келіспеймін.
Айыптаушы: Байсұлтанның тірлігі сонау қазақ халқы пайда болғаннан бері еркіндігі мен тілі үшін шырылдаған халықтың сүйегіне таңба.

Сөзімнің айғағы ретінде, ортаға келесі куәгерді шақыруға рұқсат етіңіздер



Сот: Рұқсат,........................................................ шақырыңыз.

(Полиция қызметкері: залға куәгерді шақырады.)



Полиция қызметкері: Куәгер .............................................. кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда тудыңыз, тұрасыз?. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта?.

Куәгер:Мен, ....................................................................... ....

Сот: Айыптаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.

Айыптаушы: Өз көрген – білгендеріңіз болса жасырмай айта беріңіз

4

Куәгер: мен, ........................................................................

Тіл мерекесі аясында тіл тазалығын бақылайтын оқушылардың арасындағы құрылған «тіл жанашарлары штабының» мүшесімін. Сөзімді мына өлең жолдарымен бастағанды жөн көремін.

Тәуелсіздік – ел тірегі аңсаған,

Құрбан болды осы жолда қанша адам.

Тәуелсіз ел – Қазақстан кең байтақ,

Әлемге атын жырмен шашам, шаршаман.

Өтті ғасыр, қаншажылдар азапты,

Тұншықтырып жоймақ болған қазақты.

Күреспенен қол жеткізген жастарым,

Тәуелсіздік бақытының таңы атты.

Содан бері жылдар өтті арада,

Енді өзгеріс қоғамға да, санаға.

Мен өзім штап мүшесі ретінде Байсұлтанды осы қылмысы үстінде талай мәрте ұстаған едім. Желтоқсанның ызғарына ұшыраған, намысын ту етіп ұстаған жастардың ерлігі далаға кеткен бе? Байсұлтан секілді оқушылар бабаларымыздың асыл армандарын, ісін жалғастырмай ма?! Ал бұлардың ісі мынау.

Қазақ - дана халық. Оған «Қатты айтсаң, қарындасыңа жақпайсың, Ақырын айтсаң , ақылың кетеді» деген тәмсілмен жауап беруге болады. Тіл мәселесі де осы тәрізді. Біздер үйреншікті сүрлеуден шыға алмай, күні бүгінге еренсіздігімізден сүйретіліп жүрген жайымыз бар. Шұрайлы тілдің шырайын кетіретіндер де өзіміз.

Сот: қорғаушы куәгерге сұрағыңыз бар ма?
Қорғаушы: Сұрағым жоқ, дегенмен тіл дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр дейді, бірақ үйренушілерге қояр талап бар ма, болса қандай деңгейде?! Осы сөзімді жалғастыруға келесі куәгер ..................................... күту бөлмесінде кезегін тосып отыр. Жоғарғы мәртебелім, рұқсат етсеңіз.

Сот: Рұқсат, .................................................. шақырыңыз.

(Күзетші залға куәгерді шақырады.)



Күзетші: Куәгер ............................................................. кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда, қашан тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.

Куәгер:Мен, ........................................................ ....

Сот: қорғаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.

Қорғаушы: Осы іс жайлы не білесіз, айта беріңіз

Куәгер: Біздің қазіргі жағдаймыз мектепке барғысы келмеген, оқығысы келмеген алты – жеті жастағы сотқарлау баласына «балам, саған барлық жағдайды жасап қойдым, оқуға баршы, егер жақсы оқысаң, күнде бес алсаң саған ананы алып беремін, мынаны алып беремін» деген ата – ананың кейіпіне ұқсайды. Қызметкерлер мемлекеттік тілді оқыту курсынан өтеді де, сертификатын үйіне апарып қойып, одан әрі жұмысын орыс тілінде жалғастыра береді. Қазақ тілін үйрендің, енді құжатты мемлекеттік тілде жүргізуге міндеттеп жатқан үкімет жоқ. Егер мемлекеттік қызметкерлер, осындай қылық көрсетсе, Байсұлтанда қандай жазық.

Мемлекеттің тілді меңгерген ересектердің білімін тест арқылы тексереді. Бұл білу деңгейлерін толық анықтай алмайды. Байсұлтан айыпты емес!



Сот: айыптаушы ханым сұрағыңыз бар ма?

Қорғаушы : Қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына негіз болды. Осы сөзімнің дәлелі ретінде куәгер, ................................................. шақыруға рұқсат етіңіздер.

5
Сот: Рұқсат, ....................................................................... шақырыңыз.

(Полиция қызметкері: залға куәгерді шақырады.)

Полиция қызметкері: Куәгер ........................................................ кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.

Куәгер:Мен, ............................................................. ....

Сот: Қорғаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.

Қорғаушы: Өз көрген – білгендеріңіз болса жасырмай айта беріңіз

Куәгер: Ырысты туған жерім, нәрлі, құтты,

Ынтымақ тамырына қан жүгіртті,

Қазақстан – құшақ, ашылған ақ алақан

Бауырында балқытқан барлық ұлтты.

Нұрсұлтан Назарбаевтің «Халықтар достығы көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деген сөзін әрқашан есте сақтау керек. Елімізде саналуан этнос өкілдері қазақ халқымен бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату- тәтті өмір сүріп жатыр.

Қазіргі таңда әлемдік күрделі жағдайды бастан кешкен, берекесі төгілген елдер саны күн санап артуда. Қазақстан биылғы жылы бүкіл Достастық елдері, түркі елдері арасынан, бүкіл мұсылман әлемінде бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға сайлануымыз да осы бірлігіміздің арқасында.Ал егер біз басқа ұлттың құқықтарын қысып ,оларды қазақ тілінде сөзлеуге мәжбүрлесек ынтығымызға нұсқан келмей ме?



Сот: қорғаушы куәгерге сұрағыңыз бар ма?

Айыптаушы: Келіспеймін. Қай мемлекетте болмасын тілдің мәселесі өте кінәмшіл мәселе. Әсіресе, Қазақстандай көп ұлтты мемлекетте. Осы жөнінде ойымды жалғастыруға куәгерді шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот: Рұқсат, ........................................................... шақырыңыз.
(Полиция қызметкері: залға куәгерді шақырады.)

Полиция қызметкері:Куәгер ........................................... кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Қайда тудыңыз, қайда тұрасыз? Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.

Куәгер:Мен, ................................................ ....

Сот: Айыптаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.

Айыптаушы: Өз көрген – білгендеріңіз болса жасырмай айта беріңіз

Куәгері: Келіспеймін мемлекеттік тіл болған соң қазақ еліне тағдыр талайымен келіп қоныстанып қалған, өсіп -өнген барша этнос өкілдерінің тілі. Қандай қоғам болса да өзара түсінісу үшін ортақ тіл таңдайды емес пе? Қазақ тілі – ортақ тіл. Ортақ тіл болған соң олардың осы елде өмір сүру, жұмыс істеу, өзара қарым – қатынасқа түсу тілі болуы тиіс. Барлық елдерде солай. Франция тұрғындарының бәрі француз емес, бірақ олардың барлығы француз тілін міндет санайды.

Қытайда да, Ресейде де, Испанияда да солай. өйткені, «Бір мемлекет – бір тіл» ұғымы өркениетті елдердің барлығы үшін аксиома.



Сот: сұрақ болмаса куәгер алдыңғы қатардан орын алып отырыңыз.

Қорғаушы: Ал 3 тілділік мәселесін, Шет елдерде білім алатын бағдарламаларды қайда қоясыз. Жоғарғы мәртебелім, рұқсат етсеңіз куәгерді шақырсам.

Сот: Рұқсат, ................................................. шақырыңыз.

Полиция қызметкері: Куәгер............................................... кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Қайда тудыңыз, қайда тұрасыз? Қайда оқисыз, нешінші сыныпта?

Куәгер:Мен, . ....

Сот: Куәгерге , сұрақтарыңызды қоя беріңіз.

Қорғаушы: ........................... ісі бойынша не айтар едіңіз?

6
Куәгер: Тәуелсіз еліміздің экономикалық өрлеуі мен әлеуметтік дамуы қарыштап дамып келеді. Бірлік пен ынтымықтастықтың елдігіміз бен ерлігіміздің арқасында жеткен Тәуелсіздігіміз тұғырлы да ғұмырлы болсын! Күн санап өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің болашағы зор, әлемдік аренадан көрініп, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін, мемлекет тұрғындары 3 тілді де қатар меңгеру керек. Және қазақ тіліне қарағанда орыс тілі мен ағылшын тілінің қажеттілігі зор. Мәселен түрлі «Болашақ» секілді бағдарламалар бойынша шет елдерде білім алатын оқушыға ең басты шет тілі. Бір сөзбен айтқанда қоғам талабына сай өркениетті, дамыған елдердің білім деңгейіне жету басты мақсат. Байсұлтандай балалар дамып келе жатқан елімізбен тең қадам басу қажет. Бұл жаңа әлем сұранысы оның еш кінәсі жоқ.


Айыптаушы: Мен бұл сөзбен мүлдем келіспеймін. Жоғарғы мәртебелім келесі куәгерді шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот: Рұқсат, ....................................... шақырыңыз.

Полиция қызметкері: Куәгер ............................................... кіріңіз.

Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Қайда тудыңыз, қайда тұрасыз? Қайда оқисыз, нешінші сыныпта?

Сот: Сұрақтарыңызды қоя беріңіздер.

Куәгер: Мемлекеттік тіл – мемлекеттікті айқандайтын факторлардың бірі, әрі бірегейі. Еркіндік пен теңдік берілгендіктен өзге қанша тіл білсең де біле бер, үйрен, оның артықшылығы жоқ. Бірақ, қазақ тіліне деген басымдықты естен шығармауымыз керек. Өйткені, қазақ тілі басқа елде қолданылып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие бола алмайды. Оның Отаны – Қазақстан. Өз елінде осы тілді дамытамыз дегендері жөнсіз. Себебі қазақ тілі -дамыған тіл. Бірде - бір түркі тілдес халықта 10 томдық түсіндірме сөздігі жоқ. Мұндай құнды байлық тек қазақта ғана бар.
Сот: Шақыратын куәгерлеріңіз бар ма?

Жоқ болса, екі жақ сізге қорытынды сөз сөйлеуге мүмкіндік беріледі.


Айыптаушы: Жаһандану бүгінгі кезеңінде де, бұған дейін де еліміз батысқа еліктеп, сол үлгімен күн көруге, жүруге көшкені жасырын емес. Хош делік. Олай болса, тілге де сол елдерше мән бере, баршаға ортақ тіл етіп, құрметтеп, неге қолданбасқа. Тәжірибе алмасып, ой бөлісіп, тіл мәселесін неге ортаға салмаймыз. Қазақ тілінің уызынан ажырап, байлығынан көз жазып , ұрпаққа бай тілді неге баяндап бермеске. Мемлекеттік тіл болғандықтан, қазақ тілін күллі қазақстандықтар ортақ тіл етіп неге орнықтырмаймыз. Қазақша үйрену керек, оған жағдай жасау керек деген әбден жауыр болған, жаттанды сөз тіркестерімен көзбояушылық жасап, елді алдаусыратудан айрылып, Байсұлтан секілді адамдарға қатаң шара қолдануды бастау қажет деп ойлаймын.


Қорғаушы: Менің қорғалушымның еш кінәсі жоқ. Себебі, қазіргі заман талабы, сұранысы солай. Сабақ уақытында ғана тіліңді сындырып ана тіліңде сөйлейсің де, сыртқа шыға бере орыс тілінде сайрайсың. Қоршаған ортаң орысша шүлдірлеп тұрса, Байсұлтан өз ортасынан қала ма? Және жастар өзге тілде сөйлегенді сән көреді. Оның үстіне есімдері Абай, Абылай, Мұхтар атты балалар қазақ тілінде таза сөйлей алмайтынына не айтасыз? Осы жайлы пікір – алысып, қазақ тілін білмеу себебін сұрағанда біреуі: бұл мәселені біздің ата-анамыз шешеді. Менің анам саған қазақ тілінің керегі жоқ, математика мен ағылшын тілін жақсы білсең болғаны, әкең сияқты айына 2 мың доллар табасың деген. Сондықтан қазақ тілін білу міндет емес дегенді айтты. Міне, қазіргі отбасында осындай талап. Ал менің қорғалушым тек өмір ағымымен, қошаған ортамен байланысты өмір сүріп келе жатқан адам. Сондықтан оны осындай қатаң жазалауға болмайды. Олай болса барша қоғамды жазалайсыз ба? Ол көптің бірі.
Сот: айыпталушы сізге соңғы сөз беріледі.
Байсұлтанның сөзі: Ең біріншіден сөзімді барша жұрттан кешірім сұраудан бастайын. Мен ана тілімді жетік меңгерген адаммын, дегенмен қазіргі жастар батысқа еліктеп орысша сөйлегенді сән көреді. Екіншіден кеңес үкіметі кезінде орысша білім алған ата – аналарымыз да үйде орысша сөйлегеннен кейін амал жоқ сұрақ қойылған тілде жауап бересің. Оның үстіне сабақ уақытында болмаса ана тілінде сөйлеуге еш қажеттілік туып отырған жоқ. Түзде достарыммен , үйде ата-анаммен орысша сөйлесем, теледидар да орысша (себебі қазақша жақсы бағдарламалар аз, болса да түнгі уақытта, әлде қазақтар ұйықтамайды деп ойлай ма). Бірақ бүгінгі айтылған ащы шындықтан кейін көзім ашылды. Әсіресе патриот емес деген сөзді естігенде қатты намыстандым. Қанша дегенмен қаным қазақ қой. Болашаққа шоқынып барамын ба деген ой келіп, қорқып кеттім. Тек өзім үшін ғана емес, еліміздің болашағы үшін қорықтым. Ана тілін бағаламай жүрген мен сияқты балалар қаншама. Ал біз ел болашағы екенімізді ұмытпауымыз қажет. Бұл, әрине, орыс тілінен бас тарту деген сөз емес. Үш тілді де еркін меңгерген дұрыс, бірақ өз ана тіліңді құрметтеп, бағалау керек. Әлемдік дәрежеде көрініп жүрген еліміздің тілін, салт – дәстүрін, бірлігін бүкіл әлемге паш ету керек екенін бүгін терең түсіндім.
Сот: Сот өкілдері өздеріңіздің шешімдеріңізді берсеңіздер.

(сөз өкілдері өз шешімдерін жабық конвертке салынған түрде тапсырады.)

Сот шешім қабылдау бөлмесіне үкім шығаруға кетеді.
Мұғалім: Келесі сөз кезегі бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Н. Тұрсынбеков атындағы ШЖНО мектебінің мұғалімі ....................................... беріледі. Бүгінгі қозғалған іс бойынша өз пікіріңізді айтып кетсеңіз.

Полиция қызметкері: Тұрыңдар! Сот келеді!

Сот: сот өкілдерімен ақылдаса отыра , сот мынадай шешім қабылдады:

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Еңбекші ауылындағы Н. Тұрсынбеков атындағы ШЖНО мектебінің 9- сынып оқушысы Райымбек Байсұлтанның, өз ана тілін шұбарлап, таза сөйлемегені үшін «тіл жанашырларының штаб» жарғысының 6- бабы бойынша ақталсын.

Сот: отырыңдар.

(сот отырады)

Кез келген адам өмірінде жаңылыс басып,қателесуі мүмкін. Бірақ есті бала өз қатесін түсінер және оны дұрыстауға тырысар. Байсұлтанның өз қылмысын мойынына алғанын және қайталамайтынына көзім жете отыра, сот төрағаларының пікірімен санаса отыра осындай шешім қабылдадым. Байсұлтанның жағдайы осында отырған баршамыздың санамызға ой сағаны сөзсіз. Бүгінгі кеш бәрімізге де үлкен сабақ болары сөзсіз.
Нұржан: Тілдер мерекесіне арналған сот сабағымызды қорытындылау Н. Тұрсынбеков атындағы ШЖНО мектебінің директоры Дүйсенбаев Ғани Тастанбекұлына беріледі.

.

Мұғалімнің сөзі: Тарихымызды таразы басына салсақ «Біреудің сөзі әдемі, біреудің көзі әдемі»деп інжу – маржан ұлт байлығына мән бермей, өзгенікін алтынға балап, ұрпағымызды жат бауыр етіп алдық. Енді сол олқылықтың орнын толтыра алмай , опық жеп, шыр – пыр боламыз. Егер құнарлы тілдің құнын түсіріп, күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз. «Құлағына мақта тыққандарға» бұл сөз аз айтылып жүрмегені аян. Жаңа ғасыр жаңашылдығымызды таразы басына салатынын ұмытпайық, ағайын. Бүгінгі кешімізге жиналған «тіл жанашырларына» көптен –көп алғыс айтамын, тіліміздің туы әрқашан биік болсын демекпін.



Нұржан: Сот сабағы жайында осында отырған мұғалімдерден бірер ауыз сөз тыңдағымыз келеді

Нұржан: Осымен «Тіл - күретамыр » атты сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет