Современные тенденции развития иноязычного образования в высшей школе


Ақпараттық технологияны кәсіби қазақ тілін оқытуда тиімді қолдану



бет182/229
Дата06.02.2022
өлшемі9,12 Mb.
#38185
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   229
Ақпараттық технологияны кәсіби қазақ тілін оқытуда тиімді қолдану
мүмкіндіктері жайында


Жақсылықова К.Б.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазақстан)


Данная статья посвящена возможности эффективного использования информационных технологии для обучения профессиональному казахскому языку.
Given article is devoted a learning efficiency problem to technical Kazakh language on the basis of a multimedia complex of training.

Мемлекеттік тілді оқытудың басты мәселелерінің бірі – тілдік тұлғаның оқу белсенділігін арттырып, саналы түйсінуге негізделген тіл үйрену әрекетін жүзеге асыру тәсілдерін тәжірибеге енгізу. Сол арқылы сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін жетік меңгеруге жол ашу, яғни, тіл үйренушінің қазақ тілін меңгеруінің нәтижелілігін арттыратын жаңа оқыту жүйесін жасау. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету ісі қарқынды дамып, оны оқытуға арналған деңгейлік оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, тәжірибеге енгізілуде. Әсіресе, мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге кәсіби бағытта мамандыққа сай қарым-қатынас құралы ретінде үйрету мәселесі жан-жақты қарастырылып жүр.


Республикадағы білім беру жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының қарқынды қадамдары білім мазмұнын, оны оқытып үйретудің жаңа жолдарын іздеумен және ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие, соның ішінде мемлекеттік тілді оқытып үйрету үрдісіне кеңінен енгізумен тығыз байланысты.
Елбасы өзінің қазақстандықтарға арнаған Жолдауында оқу-тәрбие үрдісін ақпаратттық технологиялармен барынша қамтамасыз ету міндетін білім беру жүйесінің басты мақсатының бірі және оның болашағы үшін маңызды фактор екенін атап көрсеткен болатын. Жолдауда «техникалық және кәсіптік білімнің рөліне, қазақша кәсіптік техника тілін қалыптастырып дамыту мәселесіне» де басты назар аударылғаны белгілі.
Мемлекеттік тілді кәсіби бағдарлы үйретудің нәтижелілігі мамандық профиліне сай дайындалған сапалы оқу-әдістемелік кешенге байланысты. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев мырза аталмыш Жолдауында осы мәселеге ерекше назар аударып, «...мемлекеттік тілді тиімді меңгертудің ең үздік, инновациалық-әдістемелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керектігін ...» айтқаны баршаға мәлім.
Мемлекеттік тілді үйретудің ақпараттық технологияларға негізделген кешені маманның кәсіби-дүниетанымдық бағыт-бағдарымен табиғи түрде үйлесуі үшін мемлекеттік тілді кәсіби бағдарлы үйретудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын айқындайтын факторларды, оның құрылымы мен жүйесін, оқыту технологиялары мен үйренушінің тілдік біліктілігіне қойылатын талаптарды анықтаудың жаңа заманға сай стратегиясы мен тактикасын ұстану қажет. Осы турасында тіл үйренуші студенттің немесе маманның өздігінен жұмыс жасауына, ізденушілік әрекетінің белсенді дамуына бағытталған оқыту технологиялары мен жүйелерін пайдалану тиімді. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді үйретудің нәтижеге бағдарлануын, яғни кәсіби техника тілін үйрету сапасының деңгейін көтеруге қатысты алғышарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың ақпараттық технологиясын қолдануға баса мән берілуі қажет.
Мақалада «Техникалық қазақ тілі» мультимедиалық қашықтан оқыту кешені және сол арқылы мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына жүйелі үйрету мәселесі жайы сөз болады.
Мемлекеттік тілді қашықтан оқытудың мультимедиалық кешені техникалық оқу орындары студенттерінің, техникалық сала мамандарының және кәсіби техникалық тілді үйренуге қызығушылық танытатын басқа да тұлғалардың техникалық терминологияны және техникалық кәсіби тілді өзіне қолайлы мерзімді, уақытты ұтымды пайдалана отырып, қатысымдық бағытта меңгертуге бағытталған. Мультимедиалық кешенді дайындау барысында осы өнімді қолданушыға Қазақстан Республикасының іс қағаздары мен іскери құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізіп отырған әрбір өндіріс орны мен мекемелерінің және фирмаларының кәсіби тәжірибелерін ескере отырып, дидактикалық тұрғыда дәйектелген, тілдік материалды сұрыптаудың ғылыми ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін басшылыққа алу негізінде таңдалып, зерделенген кәсіби техникалық бағдардағы оқу материалы ұсынылды.
Мемлекеттік тілді қашықтан үйрету мультимедиалық кешені техникалық саланың алты бағыты бойынша дайындалды. Әр техникалық бағытқа арналған тілді оқытып үйрету курсының құрылымы – бастауыш, жалғастырушы және тереңдете үйрету сияқты үш деңгейден тұрады.
Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан оқыту мультимедиалық кешенінің мазмұны қатысымдық және тілдік жаттығулар жүйесінен, грамматикалық анықтағыштан, терминологиялық және қос тілді техникалық сөздіктен, аудио және бейне материалдардан, тіл үйренушінің тілдік біліктілігін анықтау, бақылау және бағалау жүйесінен тұрады.
Лексикалық-грамматикалық материалдар негізінен кәсіби мәтіндерден, кәсіби- ситуациялық жағдаяттардан, нақтылы мамандыққа қатысты кәсіби терминдер мен ұғымдардан, сөйлем құрылымдарынан тұрады. Тіл үйренуші тілдік материалды сапалы меңгеруі үшін әр түрлі жаттығулар мен флэш-анимациялық тапсырмалар берілген. Тілдік материалды меңгеру презентациялау, семантизациялау, жаттықтыру, бақылау кезеңдерінен тұрады.
Жүйелі бақылау болмайынша, тілді оқып үйренуден ешқандай нәтиже болмайды. Осы маңызды ұстанымды үйретуші мен үйренушінің ескермеуі тіл үйрету ісінің бір жерде тағандалуына әкеліп соғады. Тіл үйренуші бақылау арқылы ғана өзінің тіл үйренуде жеткен жетістігін нақты көре алады. Ол үшін үйренуші өзінің тілдік біліктілігінің алғашқы дәрежесін, өтетін нақты деңгей бойынша талап пен күтілетін нәтижені (мақсат) айқын білуі шарт. Кешенде берілген диагностикалық тест - тіл үйренушінің алғашқы тілдік біліктіліктілігін анықтауға арналған. Тест нәтижесі бойынша тіл үйренуші курсты қай деңгейден бастау керектігін білетін болады.
Нақтылы деңгейді толық аяқтаған тыңдаушыларға аралық тест ұсынылған. Тестінің оң нәтижесі тіл үйренушінің келесі деңгейге өтуіне мүмкіндік береді. Кері жағдайда оның алдыңғы деңгейді қайта өтуіне тура келеді. Тіл үйренушінің курсты толық аяқтағаны жайлы сертификат алу үшін қорытынды тест құрастырылған. Қорытынды тестілеуден табысты өткен тіл үйренуші ғана сертификат ала алады.
Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан үйрету мультимедиалық кешенін жасаудағы басты мақсат - тіл үйренушінің (техникалық сала маманы және т.б)

  • нақты мамандық бойынша техникалық мәтіндерді, нұсқау қағаздарды оқып түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • кәсіби техникалық терминологияны жетік меңгеру дағдысын дамыту;

  • радио, теледидардан берілген біреудің баяндаған кәсіби техникалық бағыттағы мәліметін тыңдап түсіну машығын қалыптастыру;

  • кәсіби техникалық бағдарлы іс қағаздарды, іскери құжаттарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазу дағдысын дамыту;

  • мамандығы бойынша ауызша, жазбаша түрде берілген ақпараттарды түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • кәсіби техникалық сөйлеу жағдаяттарында, іскери кездесулерде өз ойын мемлекеттік тілде еркін айту, пікір алмасу, әңгімені қолдау т.б. дағдыларын қалыптастырып, дамыту.

Дәстүрлі оқу-әдістемелік кешендерге қарағанда кәсіби техникалық тілді оқытып үйрету мультимедиалық кешенінің ерекшелігі мынада, ол тіл үйренушіге:

  • тілді үйренуді өзіне тиімді жоспарлауына және оның қарқынын өздігінен анықтауына;

  • кәсіби техникалық тілді үйрену уақытын үнемдеуге;

  • кәсіби техникалық тілді үйрену орны мен уақытын еркін белгілеуге;

  • кәсіби техникалық тілді үйрену үрдісін үзбей жүзеге асырып отыруға;

  • тілдік біліктілігін өзін-өзі бақылаумен қамтамасыз етуге;

  • жаттығуларды бірнеше рет тыңдап, қайталауға;

  • түсіндірмелер мен түсініктемелерді қолма-қол алуына;

  • кәсіби техникалық тілді меңгеру нәтижесін өзі бағалауына;

  • кәсіби техникалық тілді саналы үйрену мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Және осы мүмкіндіктердің бәрін бір уақытта Интернет жүйесі арқылы тіл үйренушілердің көпшілігі пайдалана алады. Бір сөзбен айтқанда, ұсынып отырған мультимедиалық кешеннің басты ерекшелігі – техникалық оқу орны студенттері мен осы сала мамандарына кәсіби техникалық тілді үйренудің өзіне ұтымды жеке траекториясын құруына мүмкіндік береді.
Студенттің өзіндік ізденушілік және шығармашылық жұмысына негізделген бүгінгі кредиттік оқыту жүйесінде бұл кешенді қолдану өте тиімді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауымызға болады:

  • Біріншіден, «Техникалық қазақ тілі» қашықтан оқыту мультимедиалық кешенінің құндылығы мен тиімділігі – ол кәсіби техника тілін үйренушілердің кең ауқымын қамтиды. Бұл - мемлекеттік тілді техникалық оқу орындарында және осы сала мамандарына кәсіби техникалық бағдарда үйретуді жетілдіріп, сапалы жаңа сатыға көтерудің;

  • Екіншіден, республикада техникалық терминологияны қолданудың бірізділік жүйесін жасаудың және кәсіби техникалық тілдің қолданыс аясын кеңейтудің;

  • Үшіншіден, республиканың барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарында, өндіріс орындары мен кәсіпорындарында 2001 жылдың 7 ақпанында № 550 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен оның қолданыстық қызметін арттыру Бағдарламасы аясындағы шараларды жүзеге асырудың маңызды факторларының бірі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет