Спец и ф икаци



бет1/5
Дата11.11.2019
өлшемі102,04 Kb.
#51567
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЖБ 5 СЫНЫП



«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
5-сынып

Мазмұны

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты................................................................................ 3 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар....................................... 3 3. Күтілетін нәтижелер............................................................................................................................... 3 4. Ойлау дағдыларының деңгейі.............................................................................................................. 4 5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі.................................................................................................... 5 6. Модерация және балл қою................................................................................................................... 5 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ..................................... 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................... 10 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................... 13 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................... 19

2

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

3. Күтілетін нәтижелер

1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әр түрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;



2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;

3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын қығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;

4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әр түрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;

5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әр түрлі жоспарлар құру үшін; әр түрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;

6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.

3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі


Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Түсіну және жауап беру

Білу және түсіну

- әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі;

- әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;

- өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;

- ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді;

- әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді; - түрі мен жанрын, шығарманың

тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.



Көп таңдауы бар сұрақтар

Анализ және интерпрета ция

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

- хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды;

- жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;

- кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды;

- пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;

- білім, білік және дағдыларды қолданады; - терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.


Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Бағалау және салыстыру

Жоғары деңгей дағдылары

- өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды;

- түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;

- шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды;

- әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады;

- фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады;

- жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды;

- құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады;

- композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет