2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу
2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
|
Тақырып
|
Оқу мақсаттары
|
*Тапсырма түрлері
|
Балл
|
Түсіну және жауап беру
|
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»
|
Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен
іс-әрекеті арқылы образын ашу
Т/Ж4. Көркем шығармалар дан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
|
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
|
5
|
Анализ және интерпретация
|
А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
10
|
Бағалау және салыстыру
|
Б/С3. Шығарма
дағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
5
|
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
10
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз. А. еңбекті сүю
В. елді қорғау
С. байлықты табу
D. туған жерді аялау
[1] 2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.
А артта қалмау В. баяу жүрмеу
С. ешқайда бармау D. ешкімге жеткізбеу
[1] 3. «Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.
А. кейіптеу В. метафора С. теңеу
D. эпитет
[1]
4. «... Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
А. «Атымтай Жомарт»
В. «Дүние қайтсең табылады?» С. «Қыпшақ Сейітқұл»
D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
[1]
5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол дүкеннің иесі болдым, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз.
А басталуы В. дамуы С. шешімі
D. шиеленісі
[1]
6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. _____________________________________________________________________________
[2] 7. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. _____________________________________________________________________________
[2] 8. Автор өлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. _____________________________________________________________________________
12
[2] 9.«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды..» Сейітқұлдың бұл іс-әрекетіне баға беріп, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. _____________________________________________________________________________
[2] 10. «...әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.» деген Атымтай Жомарттың айтқан ойына 3-4 сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз. _____________________________________________________________________________
[2] 11.«Антон өміріндегі тіленшіліктің зияны мен еңбекпен тапқан байлықтың пайдасы» туралы негізгі ойға қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, (сөз саны - 80-90) эссе жазыңыз. _____________________________________________________________________________
[5] Балл қою кестесі
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
А
|
1
|
|
2
|
Д
|
1
|
3
|
С
|
1
|
4
|
С
|
1
|
5
|
С
|
1
|
6
|
Өлеңнен дәлелдер келтіреді.
|
1
|
|
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
|
1
|
|
7
|
Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің берген ақылын анықтайды.
|
1
|
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.
|
1
|
|
8
|
Өлең идеясын анықтайды.
|
1
|
|
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
|
1
|
9
|
Қыпшақ Сейітқұлдың іс-әрекетіне баға береді.
|
1
|
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
|
1
|
10
|
Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды.
|
1
|
Өз пікірін 3-4 сөйлеммен білдіреді.
|
1
|
11
|
Шығармадағы басты мәселені анықтайды.
|
1
|
Тіленші Антонның еңбек ету арқылы байлыққа кенелуі туралы автор
|
Мәтіннен дәлел келтіреді.
|
1
|
Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.
|
1
|
идеясын анықтайды. Идеяға қатысты өз көзқарасын білдіре
|
Өз көзқарасын білдіреді.
|
1
|
Жазба жұмысының көлемін сақтайды.
|
1
|
отырып, эссе жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |