Разрядтық нормаларды орындау шарттары
1. «СШ» атағы талаптарын орындауға, әр диапазондағы жарыс деңгейі 400 баллдан кем болмаса, Республикалық масштабтан төмен емес жарыстар кіреді.
2. «СШҮ» разряды талаптарын орындауға, әр диапазондағы жарыс деңгейі 200 баллдан кем болмаса, облыстық масштабтан төмен емес жарыстар кіреді.
3. Жасөспірімдерге «СШ», «СШҮ», 1 разрядты, орындау талаптары ересектерге арналған бағдарлама бойынша жүргізілген жағдайда тағайындауға болады.
4. Разрядтық талаптарды орындау жарыс бағдарламасын келесі межелерде толық орындаған жағдайда ғана есептеледі:
- Ерлер (жасөспірім ұлдар) (Е19 - Е45) - 6 – 9 км, 6 радиотаратқышқа дейін.
- Әйелдер (жасөспірім қыздар) (Ә19 – Ә45) - 5 – 8 км, 5 радиотаратқышқа дейін.
- Жасөспірім ұлдар және қыздар:
Ересек топ (16-17 жас)(ЕӘ17) - 5 – 7 км, 4 радиотаратқышқа дейін.
Орта топ (14-15 жас)(ЕӘ15) - 4 – 6 км, 4 радиотаратқышқа дейін.
Кіші топ (11-13 жас)(ЕӘ13) - 3 – 5 км, 3 радиотаратқышқа дейін.
Ересек топтағы қатысушылардың тізімдері жарыс ережелерімен анықталады.
Жарыстың деңгейін анықтау мен разрядтарды беру үшін межені белгіленген уақытта аяқтаған:
Ерлерден – кем дегенде 9 спортшы, Әйелдер, жасөспірім ұлдар мен қыздардан – кем дегенде 6 спортшы болуы керек.
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАҒЫ РАДИОБАЙЛАНЫС
(Ерлер және әйелдер)
Разрядтық нормативтер
Халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алу үшін:
Әлем Чемпионатында “IARU HF Championship”, ересектер арасында, ұжымдық радиостанция құрамында – 1-3 орын,
Әлем Чемпионатында “World Radiosport Team Championship ” (WRTC)”; ересектер арасында, ұжымдық радиостанция құрамында – 1-3 орын,
Еуропа Чемпионатында “WAEDC Contest” (SSB CW), “WAEDC RTTY Contest”, ересектер арасында, ұжымдық радиостанция құрамында немесе жеке есепте – 1-3 орын, алуы қажет,
Ескертпе:
1. «ХДҚРСШ» атағы, республикалық деңгейдегі жарыстарда “SOAB MIX”, “SOAB CW” или “MOST MIX” топтамаларында, разрядтық талаптарды орындаған, соңғы 3 жылда кем дегенде бір рет үштікке ілінген спортшыларға беріледі.
2. «ХДҚРСШ» атағы, бір жарыс нәтижесі бойынша ұжымдық радиостанцияның 3 операторына ғана беріледі.
3. «ХДҚРСШ» атағына, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының құрамына кірген спортшы ғана ұсыныла алады.
Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алу үшін:
ҚР Чемпионатында (тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына) 1-2 орын,
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер разрядын алу үшін:
ҚР Чемпионатында (тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына) 3-4 орын алу қажет.
Ескертпе:
«ҚРСШ» атағы және «ҚРСШҮ» разряды тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына, командалық есепте, кем дегенде 8 облыстың
8 командасы, жеке есепте кем дегенде 8 облыстың 10 спортшысы тікелей жарысқа қатысқан жағдайда ғана беріледі.
Тікелей өткізілетін жарыста, 1-4 орын алған спорттық разряды жоқ спортшыларға 1-спорттық разряд беріледі.
Разрядтық нормаларды орындау шарттары
1. Нормативтердің орындалуын анықтау үшін жоғарғы бастапқы көрсеткіш (ЖБК) есептелініп шығарылады. Ол топтамаларда кем дегенде 3 спортшы қатысқан жағдайда, жарысқа қатысушылардың әр топтамасындағы жоғарғы көрсеткіштердің орташа арифметикалық санын есептеп шығаруы арқылы анықталады. Егерде топтамалардағы қатысушы спортшылар саны 3-тен кем болған жағдайда,топтама көрсеткіші есепке алынбайды. Бірақ, жарысқа қатысушылардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткішке ие топтама көрсеткіші есепке алынады.
2. Жоғарғы бастапқы көрсеткіштен (ЖБК) нормаларды пайыздап есептеу 1 ұпай дәлдігіне дейін жүргізіледі. Ұпай бөлшегін дөңгелектеу нәтижені кеміту бағытына қарай жүргізіледі.
3. Ұжымдық радиостанцияға мүше спортшыларға нормативтер 10% көбейеді.
4. «СШ» атағы 16 жастан, спорттық разрядтар 12 жастан, жасөспірімдер спорттық разрядтары 10 жастан беріледі.
Жарыс топтары
|
Атақ, разрядтар
|
ЖБК %
|
Жарыс масштабы
|
1
Есептелу уақыты – 8 сағаттан кем емес
|
СШ
|
85
|
ҚР Чемпионаты.
СШ атағы мен спорттық разрядтар жарысқа ҚР
8 облысынан кем дегенде 30 спортшы қатысқан жағдайда беріледі.
СШ атағы, СШҮ және 1 спорттық разрядтар, СШҮ, 1 р. 2 разрядтары бар кем дегенде 10 спортшы қатысқан жағдайда беріледі.
|
СШҮ
|
70
|
I р.
|
55
|
II р.
|
45
|
III р.
|
35
|
2
Есептелу уақыты – 4 сағаттан кем емес
|
СШҮ
|
85
|
ҚР Біріншілігі, аймақаралық жарыстар.
Спорттық разрядтар жарысқа ҚР 3 облысынан, кем дегенде 20 спортшы қатысқан жағдайда беріледі.
СШҮ және 1 спорттық разрядтар, 1 р. 2 разрядтары бар кем дегенде 7 спортшы қатысқан жағдайда беріледі
|
I р.
|
70
|
II р.
|
55
|
III р.
|
45
|
I жө.
|
35
|
II жө.
|
25
|
III жө.
|
15
|
3
Есептелу уақыты – 2 сағаттан кем емес
|
I р.
|
60
|
Барлық масштабтағы жарыстар.
Жарысқа кем дегенде 15 спортшы қатысқан жағдайда беріледі, оның кем дегенде 5-нің 2 разряды болуы тиіс.
|
II р.
|
50
|
III р.
|
40
|
I жө.
|
30
|
II жө.
|
20
|
III жө.
|
10
|
УЛЬТРА-ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАҒЫ РАДИОБАЙЛАНЫС
(Ерлер және әйелдер)
Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алу үшін:
ҚР Чемпионатында, ересектер арасында (тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына) кем дегенде 8 облыстың командалары қатысуымен, разрядттық талаптарды орындаған жағдайда 1-2 орын алуы қажет.
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер разрядын алу үшін:
ҚР Чемпионатында (тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына) 3-4 орын алу қажет.
Ескертпе:
1. «ҚРСШ» атағы және «ҚРСШҮ» разряды тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына, командалық есепте, кем дегенде 8 облыстың 8 командасы, жеке есепте кем дегенде 8 облыстың 8 спортшысы тікелей жарысқа қатысқан жағдайда ғана беріледі.
2. «ҚРСШ» атағы кем дегенде 3 диапазонда байланыс жасаған (тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына) спортшыларға беріледі. «ҚРСШҮ» разряды кем дегенде 2 диапазонда байланыс жасаған (тікелей өткізілетін жарыс қатысушыларына) спортшыларға беріледі.
3. Тікелей өткізілетін жарыста, 1-4 орын алған спорттық разряды жоқ спортшыларға 1-спорттық разряд беріледі.
Разрядтық нормаларды орындау шарттары
1. «ҚРСШ» атағы және спорттық разрядтар жарыста алынған ұпайлар үшін немесе жоғарғы бастапқы көрсеткіш (ЖБК) нормаларын орындағаны үшін беріледі.
2. Диапазондық коэфициентті есепке алғанда, ұпайлар саны есептелу шақырым санына сәйкес, қатысушы мен 10 ең алыс корроспондент қашықтығының қосындысына тең болады:
144 МГц диапазонында жүргізілген радиобайланыстағы корроспондентке дейінгі арақашықтық 1-ге тең диапазондық коэфициентке көбейтіледі. 430 МГц диапазонында диапазондық коэфициент 2 тең. 1296 МГц диапазонында диапазондық коэфициент 4 тең.
Бір корроспондентпен сол диапазонда қайталама байланыс жарыс ережесінде рұқсат етілген болса да есепке алынбайды.
3. Жоғарғы бастапқы көрсеткіш (ЖБК) топтамаларда кем дегенде 3 спортшы қатысқан жағдайда, жарысқа қатысушылардың әр топтамасындағы жоғарғы көрсеткіштердің орташа арифметикалық санын есептеп шығаруы арқылы анықталады. Егер де топтамалардағы қатысушы спортшылар саны 3-тен кем болған жағдайда,топтама көрсеткіші есепке алынбайды. Бірақ, жарысқа қатысушылардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткішке ие топтама көрсеткіші есепке алынады. Жоғарғы бастапқы көрсеткіштен (ЖБК) номаларды пайыздап есептеу 1 ұпай дәлдігіне дейін жүргізіледі. Ұпай бөлшегін дөңгелектеу нәтижені кеміту бағытына қарай жүргізіледі. Әйел спортшыларға нормативтер 10% кемиді. Ұжымдық радиостанцияға мүше спортшыларға нормативтер 10% көбейеді.
4. Ұжымдық радиостанция командасының құрамы 2 немесе 3 адам болуы тиіс.
5. «СШ» атағы 16 жастан, спорттық разрядтар 12 жастан, жасөспірімдер спорттық разрядтары 10 жастан беріледі.
Жарыс топтары
|
Атақ, разрядтар
|
ЖБК %
|
Жарыс масштабы
|
1
Есептелу уақыты –
8 сағаттан кем емес
|
СШ
|
Звание МС и спортивные разряды присваиваются за набранные очки
|
ҚР Чемпионаты.
СШ атағы мен спорттық разрядтар жарысқа ҚР
8 облысынан кем дегенде 20 спортшы қатысқан жағдайда беріледі.
СШ атағы, СШҮ және 1 спорттық разрядтар, СШҮ, 1 р. 2 разрядтары бар кем дегенде 10 спортшы қатысқан жағдайда беріледі.
|
СШҮ
|
I р.
|
II р.
|
III р.
|
2
Есептелу уақыты 4 сағаттан кем емес
|
СШҮ
|
85
|
Аймақаралық ашық жарыстар.
Спорттық разрядтар жарысқа ҚР 3 облысынан, кем дегенде 15 спортшы қатысқан жағдайда беріледі.
СШҮ және 1 спорттық разрядтар, 1 р. 2 разрядтары бар кем дегенде 7 спортшы қатысқан жағдайда беріледі
|
I р.
|
70
|
II р.
|
55
|
III р.
|
45
|
I жө.
|
35
|
II жө.
|
25
|
III жө.
|
15
|
3
Есептелу уақыты – 2 сағаттан кем емес
|
I р.
|
60
|
Барлық масштабтағы жарыстар.
Жарысқа кем дегенде 15 спортшы қатысқан жағдайда беріледі, оның кем дегенде 5-нің 2 разряды болуы тиіс.
|
II р.
|
50
|
III р.
|
40
|
I жө.
|
30
|
II жө.
|
20
|
III жө.
|
10
|
Ұпайлар
|
12000
|
6000
|
3000
|
2000
|
1000
|
700
|
500
|
300
|
Атақ, разрядтар
|
СШ
|
СШҮ
|
I р.
|
II р.
|
III р.
|
I жө.
|
II жө.
|
III жө.
|
РАДИОКӨПСАЙЫС
(Ерлер және әйелдер)
Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алу үшін:
Қазақстан Чемпионатында ересектер арасында, жеке есеп бойынша, кем дегенде 8 облыстың командалары қатысуымен, разрядтық талаптарды орындаған жағдайда 1-2 орын,
Қазақстан Чемпионатында ересектер арасында, командалық есеп бойынша, кем дегенде 8 облыстың командалары қатысуымен, разрядттық талаптарды орындаған жағдайда 1-2 орын,
Қазақстан Кубогында ересектер арасында, жеке есеп бойынша, кем дегенде 8 облыстың командалары қатысуымен, разрядттық талаптарды орындаған жағдайда 1- орын,
Қазақстан Чемпионатында ересектер арасында, командалық есеп бойынша, кем дегенде 8 облыстың командалары қатысуымен, разрядттық талаптарды орындаған жағдайда 1- орын алуы қажет.
Разрядтық нормаларды орындау шарттары
«СШҮ» және 1-разряд – ҚР облыс масштабындағы жарыстарда орындауға болады.
II, III, I жө, II жө разрядтары – барлық масштабтағы жарыстарда орындауға болады.
Разрядтық нормативтер
Көпсайыс индексі
|
Жаттығу
|
Атақ, разряд
|
СШ
|
СШҮ
|
I
|
II
|
III
|
I жө.
|
II жө.
|
Кем емес ұпай жинау
|
РК-1
|
Қабылдау
Тарату
Радиожелі
Радиобағдарлау
|
740
|
690
|
620
|
520
|
420
|
320
|
240
|
(800 мүмкіндіктен)
|
РК-2
|
Тарату
Радиожелі
Радиобағдарлау
|
540
|
490
|
420
|
330
|
240
|
170
|
150
|
(600 мүмкіндіктен)
|
VII – ТАРАУ. СПОРТТА МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАР
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН МҮГЕДЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТ
СПОРТТЫҢ ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
ГОЛБОЛ
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Паралимпиялық ойындарда Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 4 – 6 орын;
Мүгедектерге арналған Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 1 орын;
Азия ойындарында 1 - 2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шебері
Кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы Мүгедектер спартакиадасында, Қазақстан Республикасы Паралимпиялық ойындарында команда құрамында 1 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер:
кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы Мүгедектер спартакиадасында 2 – 3 орын;
I спорттық разряд – кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы Мүгедектер спартакиадасында, Қазақстан Республикасы Паралимпиялық ойындарында 4 – 5 орын алған команда құрамында қатысу керек.
ШАҢҒЫ ЖАРЫСТАРЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Паралимпиялық ойындарда Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 4 – 6 орын;
Мүгедектерге арналған Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 1-орын;
Азия ойындарында 1 - 2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шебері
Кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы Мүгедектер спартакиадасында, Қазақстан Республикасы Паралимпиялық ойындарында команда құрамында 1 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер:
Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2 – 3 орындар;
облыстық деңгейден төмен болмайтын жарыстарда 1-орын.
I спорттық разряд
Мынадай орындарға ие болуы керек:
Қазақстан Республикасының Чемпионатында 4 – 6 орындар;
облыстық ауқымнан төмен болмайтын жарыстарда 2 – 3 орындар.
II спорттық разряд
Мынадай орындарға ие болуы керек:
облыстық деңгейден төмен болмайтын жарыстарда 2 – 3 орындар.
ДЗЮДО
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Паралимпиялық ойындарда Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 4 – 6 орын;
Мүгедектерге арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Әлем чемпионатында ҚР құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 1-орын;
Азия ойындарында 1 - 2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шебері
Кемінде 12 спортшы қатысуы тиіс кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, ҚР Мүгедектер спартакиадасында, ҚР Паралимпиялық ойындарында команда құрамында 1 орын, спортшы 3 рет жеңіске жетуі тиіс.
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер:
Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3 – 4 орын;
Қазақстан Республикасының жастар чемпионатында 2-6 орын;
Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионатында 1-3 орын;
Ересектер арасындағы облыстық және Алматы мен Астана қ. Аумақтық чемпионаттарында 1-орын;
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген Ашық Республикалық турнирлерде 1-3 орын.
I спорттық разряд
Бір жылдың ішінде І разрядты әртүрлі спортшыларды 8 рет немесе қалалық деңгейден төмен болмайтын жарыстарда ІІ разрядты спортшыларды 8 рет жеңу керек.
II спорттық разряд
Бір жылдың ішінде аудандық деңгейден төмен болмайтын жарыстарда ІІ разрядты спортшыларды 6 рет жеңу керек.
I жасөспірімдер спорттық разряды
Аталған салмақ дәрежесінде І жасөспірімдер разряды бар кемінде 4 спортшы қатысқан жағдайда жасөспірімдердің облыстық, қалалық біріншілігінде 1-орынға ие болу немесе бір жылдың ішінде кез келген деңгейдегі жарыстарда ІІ жасөспірімдер разряды бар 10 спортшыны жеңу.
ІI жасөспірімдер спорттық разряды
Бір жылдың ішінде кез келген деңгейдегі жарыстарда ІІ жасөспірімдер разряды бар әртүрлі спортшыны 4 рет жеңу. Жүйелі даярлық өтілі міндетті түрде 1,5 жыл болу керек.
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
разрядтық нормалар жеке қосымшада берілген
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Паралимпиялық ойындарда Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 4 – 6 орын;
Мүгедектерге арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Әлем чемпионатында ҚР құрамасының құрамында 2 – 3 орын;
Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 1-орын;
Азия ойындарында 1 - 2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шебері
Белгіленген нормативті орындауы немесе мынадай орындарға ие болуы керек:
Қазақстан Республикасының Чемпионатында, ҚР Спартакиадасында, ҚР Паралимпиялық ойындарында команда құрамында 1 орын. Республикалық деңгейдегі жарыстарда Қазақстан Республикасының рекордын жаңарту.
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер:
Белгіленген нормативті орындауы немесе мынадай орындарға ие болуы керек:
Қазақстан Республикасының Чемпионатында, ҚР Спартакиадасында, ҚР Паралимпиялық ойындарында 2 – 3 орын;
облыстық деңгейден төмен емес жарыстарда нормативтерді орындау.
I,П,Ш разрядтар
облыстық деңгейден төмен емес жарыстарда белгіленген нормативтерді орындау.
Разрядтық нормалар мен талаптарды орындау шарттары:
1. ХДСШ атағы республикалық деңгейдегі жарыстарда нормативті орындаған спортшыларға беріледі, мұндай жағдайда кемінде 1 ЖСҰТ төреші төрелік етуі тиіс, халықаралық спорттық сыныптың (сертификат, сыныптама) растауы болу керек.
2. ҚР СШ атағы республикалық деңгейдегі жарыстарда нормативті орындаған спортшыларға беріледі, мұндай жағдайда кемінде 3 ҰС төреші төрелік етулері тиіс.
3. Бессайыста нәтижелерді бағалау Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының 1985 жылғы кестесі бойынша жүргізіледі.
4. Бессайыстың құрамы: ерлер – 100 метрге жүгіру, екпіндеп келіп ұзындыққа секіру, найза лақтыру, диск лақтыру, 1500 метрге жүгіру; әйелдер – 100 метрге жүгіру, екпіндеп келіп ұзындыққа секіру, ядро итеру, диск лақтыру, 800 м-ге жүгіру.
5. Көпсайыстан жарыстар бір күнде өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |