Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері



бет5/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#87406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
14 Әбсемет Ұлан Жүнісұлы физиология rd

Қан және оның жас ерекшеліктері
Қан - тірі ағзаның ішкі ортасы, қанның қызметтері
Тірі ағзадағы барлық жасушалардың өмір сүретін ішкі ортасы - қан, лимфа және жасуша аралық сұйықтық. Ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы түрде бірқалыпта сақталуын (мысалы, дененің әртүрлі бөлімдерінің температурасы; физикалық-химиялық қасиеттері; құрамы; белсенді ортасы - рН; осмостық қысымы; қышқыл сілті тепе-теңдігі т.б.) гомеостаз деп аталады (В. Кеннон, 1929). Гомеостаз қозғалмайтын құбылыс емес, ол жылжымалы тепе-теңдік болып табылады. Тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз ететін үздіксіз зат алмасу және сыртқы орта өзгерістерінің әсеріне сәйкес ондағы салыстырылмалы тұрақтылықты, яғни гомеостазды сақтау қабілеті ағзадағы көптеген реттеу жүйелерінің қызметі арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қан - ағзаның негізгі биохимиялық, физиологиялық көрсеткіштерінің белгілі тұрақтылығын қамтамасыз ететін және ондағы мүшелер арасындағы гуморальды байланысты жүзеге асыратын ішкі сұйық ортасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет