15-бап - Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікті тең үлесті қаржыландыру Қатысушы мемлекеттер мемлекеттік органдар мен Олимпиадалық қозғалыстың Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің бекітілген негізгі жылдық бюджетін тең үлесте қаржыландыру принципін қолдайды.
16-бап — Допинг-бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық Спорттағы допингке қарсы күрес спортшыларға алдын-ала хабарламай оларды тек тестілеу мен сынақтарды лабораторияларға өз уақытында тасымалдау қамтамасыз етілген жағдайда тиімді болатынын тани отырып, қатысушы мемлекеттер, осы орынды болған жағдайда және мемлекетішілік заңнамалары мен рәсімдеріне сәйкес:
(а) қабылдаушы елдер тиісті нормативтік ережелерді сақтаған жағдайда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке және Кодекске сәйкес қызмет ететін допингке қарсы ұйымдарға өз спортшыларына өз аумағында және одан да тыс жерлерде жарыстық және жарыстан тыс допинг-бақылау жүргізуге жәрдем көрсетеді;
(b) допинг-бақылау бойынша іс-шаралар өткізу кезінде допинг-бақылаудың тиісті дәрежедегі уәкілетті топтарын шекарадан уақтылы өтуін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
(с) сынамалардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ете отырып, оларды шекара арқылы уақтылы тасымалдауға немесе өткізуге жәрдем көрсету мақсатында ынтымақтасады;
(d) әр түрлі допингке қарсы түрлі ұйымдар өткізетін допинг-бақылау жөніндегі іс-шараларды халықаралық үйлестіруді қамтамасыз етуде көмек көрсетеді және осы мақсатта Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен ынтымақтасады;
(е) өздерінің заңды құзырындағы допинг-бақылау лабораториялары мен басқа да қатысушы мемлекеттердің заңды құзырындағы тиісті лабораториялар арасындағы ынтымақтастықты дамытады. Атап айтқанда, аккредиттелген допинг-бақылау лабораториялары бар қатысушы мемлекеттер өздерінің заңды құзырындағы лабораториялары арқылы басқа қатысушы мемлекеттерге, олар ниет танытқан жағдайда, өздерінің дербес лабораторияларын құру үшін қажет тәжірибе мен дағдыларды үйренуге және қажетті әдіснаманы игеруге мүмкіндік беру үшін көмек көрсетуі тиіс;
(f) Кодекске сәйкес белгіленген допингке қарсы ұйымдар арасында өзара тестілеу туралы уағдаластықтарды жасасу мен іске асыруға жәрдемдеседі;
(g) өзаралық негізде допинг-бақылаудың рәсімдерін және Кодекске сәйкес кез-келген допингке қарсы ұйым қолданатын осыған байланысты спорттық санкцияларды қоса алғанда, тестілеуден кейінгі рәсімдерді мойындайды;