17-бап - Ерікті қор 1. Осымен бұдан әрі "Ерікті қор" деп аталатын "Спорттағы допингті жоюға арналған қор" құрылады. Ерікті қор ЮНЕСКО-ның қаржысы туралы ережеге сәйкес тартылатын нысаналы қаражатынан құрылады. Қатысушы мемлекеттердің, сондай-ақ басқа да қатысушылардың барлық жарналары ерікті сипатта болады.
2. Ерікті қордың қаражаты:
(а) қатысушы мемлекеттердің жарналарынан;
(b) жарналардан, қайырымдылықтардан немесе өсиет етілген мүліктен, оларды:
(і) басқа мемлекеттер;
(іі) Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің ұйымдары мен бағдарламалары, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар;
(ііі) мемлекеттік немесе жеке ұйымдар немесе жеке тұлғалар ұсынуы мүмкін.
(с) Ерікті қордың қаражатына аударылған кез келген пайыздардан;
(d) қайырымдылық науқаны шеңберінде Ерікті қордың пайдасына іс-шара алынған қаражаттан;
(е) Тараптар конференциясы әзірлейтін Ерікті қор туралы ережеде көзделген кез келген басқа қаражаттан тұрады.
3. Қатысушы-мемлекеттердің Ерікті қорға деген жарналары қатысушы мемлекеттердің Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің жылдық бюджетіне өзінің үлесін төлеу жөніндегі міндеттемелері ретінде қаралмайды.