Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет14/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
ІV. Білім және даярлау
19-бап — Білім мен даярлаудың жалпы принциптері
      1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің қаражаты шеңберінде допингке қарсы күрес мәселелері бойынша білім беру мен дайындық бағдарламаларын қолдауға, әзірлеуге немесе жүзеге асыруға міндеттенеді. Тұтастай алғанда спорт қоғамдастығы үшін бұл бағдарламалар мынадай мәселелер бойынша жаңаланған және нақтыланған ақпарат беруге бағытталуға тиіс:
      (а) допингтің спорттың этикалық құндылықтарына келтіретін зияны;
      (b) допингті қолданудың денсаулық үшін салдары.
      2. Спортшылар мен олардың қосалқы персоналы үшін, әсіресе дайындықтың бастапқы кезеңінде бұл бағдарламалар мынадай мәселелер бойынша жаңаланған және нақтыланған ақпараттар беру үшін бағытталуға тиіс:
      (а) допинг-бақылау рәсімдері;
      (b) тиісті спорт ұйымдары мен допингке қарсы ұйымдардың допингке қарсы күрес саясаты мен Кодекс туралы, оның ішінде допингке қарсы күрес ережелерін бұзудың салдары туралы ақпаратты қоса алғанда, допингке қарсы күреске байланысты спортшылардың құқықтары мен міндеттері;
      (с) тыйым салынған субстанциялар мен әдістердің, сондай-ақ тыйым салынған субстанцияларды терапевтік пайдалануға рұқсаттардың тізімі;
      (d) тағамдық қоспалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет