12-бап - Допинг-бақылауға жәрдемдесу жөніндегі шаралар Қатысушы мемлекеттер, орынды болған жағдайда:
(а) ескертпелі бақылауды, жарыстан тыс және жарыстық тестілеуді қоса алғанда, спорттық ұйымдар мен өздерінің заңды құзырындағы допингке қарсы күрес ұйымдарын Кодекске сәйкес допинг-бақылауды жүргізуін көтермелейді және қолдайды.
(b) спорттық ұйымдардың және допингке қарсы ұйымдардың қатысушыларына басқа елдердің допинг-бақылау жөніндегі уәкілетті топтарында тиісті түрде тестілеуден өтуіне мүмкіндік беретін келісімдер жасауын көтермелейді және қолдайды.
(с) өздерінің заңды құзырындағы спорттық ұйымдардың және допингке қарсы күрес ұйымдарының допинг-бақылау мақсатында талдаулар жүргізу үшін допинг- бақылаудың аккредиттелген лабораторияларына рұқсат алуына жәрдем көрсетуге міндеттенеді.