сұрақ. Материалық нүктенің ілгерілемелі қозғалысының кинематикасы: Материалық нүктенің ұғымы; Радиус және орын ауыстыру векторы, жол; 3 Материалық нүкте жылдамдығы және үдеуі


Статистикалық таралулар және Термодинамика негіздері



бет7/8
Дата24.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#199002
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
физика дайындык[1]

Статистикалық таралулар және Термодинамика негіздері.

1) Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер


Жылу мен жұмыс – термодинамикадағы энергия алмасу формалары. Термодинамиканың бірінші бастамасы
Макроскопиялық денелер U ішкі энергиясы бөлшектер жүйесінің механикалық энергиясынан сапалық жағынан ерекшеленеді. Бұл айырмашылық ішкі энергияны өзгертудің екі формасы – жұмыс пен жылу болған кезде ғана байқалады.
Жүйенің қоршаған ортамен күштік өзара әсерлесу кезінде оның ішкі энергиясының өзгеру шамасы А жұмысты береді. Жұмыстың атқарылуы жүйенің сыртқы параметрлерінің (мысалы, көлем) өзгеруі арқылы жүретін қандай да бір реттелген қозғалыстың пайда болуына байланысты.
Сыртқы параметрлердің өзгерісінсіз жылу алмасу процестерінде ішкі энергиясының өзгеру шамасы Q жылуды береді. Жылу алмасу механизмдері: жылу өткізгіштік, сәуле шығару, конвекция.
2) Жылулық қозғалтқыштар құрылысы және ПӘК-і;
Термодинамиканың бірінші бастамасы жүйенің сыртқы денелерден алған Q1, жылу
есебінен А жұмысты атқару мүмкіндігі болатынын көрсетеді. Мысалы, 1-2 күйлердің
арасында идеал газды изотермиялы ұлғайтса
Бірақ, жылу машиналарының жұмыс істеуі дөңгелек (циклдік) процестерге негізделген. Дөңгелек процесс деп жүйелегі өзгерістерден кейін оның бастапқы күйіне қайтып келуін айтады. Мұндай жағдайда жылу мөлшерінің қандай да бір бөлігі ортаға қайтып беріледі.
Жұмыс денесі қыздырғыштан жылуды алып, салқындатқышқа жылуды береді және осы жылу мөлшерлерінің айырмасы пайдалы жұмысты береді (6.1 сурет).
-ні жылу мөлшерінің қандай да бір бөлігін жұмысқа айналдыратын мүмкіндік үшін табиғатқа төленетін өзіндік «салық» деп айтуға болады. Жылу двигателінің тиімділігі оның пайдалы әсер коэффициентімен сипатталады


(3.9) өрнегі жылу машиналарының ПӘК-і әрқашан бірден кіші болатынын көрсетеді. Бұл қорытынды термодинамиканың бірінші бастамасының салдары болып табылмайды, ол негізгі заңдардың тағы бір түрі – термодинамиканың екінші заңының мазмұнын сипаттап береді.

Карно теоремасы. Карно циклі және оның ПӘК-і.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет