Қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивті із шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді: А аймағы – орташа зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдырағанға дейінгі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=40рад, ішкі шекарасында Д= 400 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 70–80%-ын құрайды.
Б аймағы – күшті зақымдану. Сәулелену дозасы сыртқы шекарасында Д= 400рад, ішкі шекарасында Д=1200 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 10%-ын құрайды.
В аймағы – қауіпті зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=1200рад, ішкі шекарасында Д=4000рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 8-10%-ын құрайды
Г аймағы – төтенше қау!пті аймақ. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=4000рад, ішкі шекарасында Д=7000рад.
Бұл аймақтардың сыртқы шегіндегі радиация деңгейлері жарылыстан соң 1сағаттан кейін-8; 80; 240 және 800рад/сағ болады, ал 10сағаттан кейін-0,5; 5; 15; және 50рад/сағ болады.