Стан республикасы



Дата21.05.2018
өлшемі122,04 Kb.
#40560








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Л.ТОЛСТОЙ АТЫНДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ИНСТИТУТЫ
ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

ЕГЕ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер, қонақтар!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан Республикасы), Қазан федералды университеті Л.Толстой атындағы филология және мәдениетаралық коммуникациялар институты (Татарстан Республикасы, Ресей) және Еге университеті (Түркия Республикасы) арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған «ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР АЛАҢЫ» атты ІІ Халықаралық дәстүрлі ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырамыз.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар 2018 жылдың 20 ақпанында өткізіледі.

Талқыланатын мәселелер:

Тілдерді ана тілі ретінде оқыту мәселелері;

Тілдерді екінші тіл ретінде оқыту мәселелері;

Тілдерді заманауи оқыту және инновациялық технологиялар;
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу: тікелей және онлайн.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне:



  • қатысуға өтінім;

  • баяндама мәтінін жолдау қажет.

Жұмыс тілі: қазақша, татарша, түрікше, орысша, ағылшынша.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары бойынша жинақ шығарылады деп жоспарлануда (PDF форматында).

Ұйымдастыру комитеті өтінім мен мақаланы 2018 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдайды. Ұйымдастырушы тарап баяндамаларды іріктеуге құқылы.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: көлемі 5 бет, форматы -А4, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер Times New Roman қарпімен 1 интервал арқылы барлық жағынан 2 см, азатжол – 1,0 см қалдырылып жазылуы тиіс. Тырнақша «» түрінде белгіленеді. Мақала аты ортаға қойылып, бас әріппен жазылады. Бір интервал қалдырып, оң жағына автор(лар)дың аты-жөні және қызмет орны, e-mail көрсетіледі. Сілтеме тік жақшаның ішінде жазылады [5, 123]. Пайдаланылған әдебиеттер алфавиттік ретпен беріледі. Мақала аннотациясы, кілт сөздер ағылшын тілінде жазылады.

Өтінім мен мақала жіберілген файлда қатысушының тегі көрсетіледі:

Сарсенова_мақала, Сарсенова_өтінім.
Мақаланы безендіру үлгісі:


АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОРНЫ
Сарсенова А.А.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

sarsen_a@yandex.ru

Abstract.

Key words:
Мәтін………………….
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Хасанұлы Б. Мемлекеттік тіл: әлеумет және жастар. – Алматы, 2013. – 200 б.
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Қатысушының толық аты-жөні

Жұмыс орнының толық атауы, қызметі

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі

Мекенжайы

e-mail

Телефон (үй, ұялы)

Баяндама тақырыбы



Секция ( бағыты)

Байланыс:010008, Қазақстан, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, оқу-зерттеу ғимараты. Ауд. 212, 213.Тел.: 709-500 (32-233; 32-203).

Өтінім мен мақала төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады:

Bayan1968@mail.ru,assanova_62@mail.ru (қазақ тіліндегі материалдар)

bakyt_zhienalina@mail.ru (орыс,қытай тілдеріндегі материалдар)

kadria.kgu@mail.ru (татар,түрік тілдеріндегі материалдар)

khalinet@gmail.com (ағылшын,неміс,француз тілдеріндегі материалдар)


Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар туралы ақпарат Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің http://ff.enu.kz/ ресми сайтында орналастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет