|
Стандарт «Акушерлік стетоскоптың көмегімен ұрықтың жүрек соғысын тыңдау»
|
бет | 10/37 | Дата | 25.01.2022 | өлшемі | 0,62 Mb. | | #114271 |
| Байланысты: Стандарт Акушерия (копия)11. Стандарт «Акушерлік стетоскоптың көмегімен ұрықтың жүрек соғысын тыңдау»
Зерттеу мақсаты: Ұрықтың жүрек соғысының жиілігін және тонын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка.
Іс-әрекет алгоритмі:
Жүкті әйелге тексеру жүргізілетіндігін ескертіңіз.
Жүкті әйелді кушеткаға аяғын созып арқасымен жатқызыңыз.
Леопольд тәсілінің көмегімен ұрықтың жатуын, позициясын, түрін анықтаңыз.
Жүрек соғысын ұрықтың арқасы жатқан жақтан стетоскопты алдыңғы іш қабатына тығыз тіреп, тыңдаңыз. Ұрықтың жүрек соғысы жақсы естілген жерді тапқанша, стетоскопты жылжытып отырыңыз.
Ұрықтың 1 минутттағы жүрек соғысын санаңыз. (120-160)
Сонымен қатар жүкті әйелдің тамыр соғысын есептеңіз (ұрықтың жүрек соғысы деп қалмау үшін).
Алынған нәтижені белгілеңіз.
Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Стетоскопты дезифекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
Алынған нәтижені медициналық құжатқа жатқызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|