Құстар-Aves класының ерекшеліктері



бет1/3
Дата30.09.2023
өлшемі16,58 Mb.
#183147
  1   2   3
Байланысты:
Құстардың ерекшелігі

Құстар-Aves класының ерекшеліктері


Құстар (лат. Aves) - омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыдағы дамығандардың бiрi.
Құстар класына Қазіргі уақытта 10 560 құс түрі және тарихи уақытта жойылып кеткен 149 түрі кіреді (2015 жылдың ақпан айындағы мәліметтер).
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты - шалшықты және су құстары деп те бөліп жатады.
Құстарды жан-жақты зерттейтiн зоологияның бөлiмiн орнитология деп атайды. 
Құстардың денесi бас, дене, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады.
Кеудесiнiң алдыңғы жағы жұмыр келiп, ауада ұшуға жақсы икемделген. 

Тері жабындысы


Терiсi жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетiлген.
Терiсiнде ешқандай терi бездерi болмайды, тек қана құйрық түбiрiнiң үстiңгi жағында құйымшақ безi болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындары майлап, оған су жұққызбайды, сынбайтын майысқақтық қасиет бередi, құйымшақ безi барлық құстарда бiрдей дамымаған, ал құрылықта тiршiлiк ететiн құстарда нашар дамыған, әйтпесе болмайды. 
Жоғары және төменгi жақтарының үстi азды-көптi болсын мүйiзденген қабыршақпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйiздi қабыршақтар қаптаған.
Бұлшық еттер ұшу кезiндегi күрделi қозғалысқа байланысты денесiнiң арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөлiмiне төс сүйегiнiң екi жағына орналасқан.
Қозғалыс жағдайына қарай әсiресе, қанаттарын жоғары көтерiп, төмен түсiрiп тұратын көкiрек еттерi ерекше жақсы жетiлген
Денесiнiң сыртын жауып тұратын қауырсынды жамылғы қауырсын (контурный) дейдi.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ мамық қауырсындар орналасады.
Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында және салқын жақта тiршiлiк ететiн құстарда көбiрек болады.
Қалыпты қауырсындар құстың денесiн сыртқы әсерлерден (ұрып-соғу т.б.) сақтайды, ал мамық қауырсындар денедегi жылуды сақтайды (жоғалтпайды).
Көпшiлiк құстар жылына 1-3-ке дейiн түлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет