Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ІІІ ерекшелік: Білім алушылардың ішкі уәжі туралы айтылуы



Pdf көрінісі
бет6/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ІІІ ерекшелік: Білім алушылардың ішкі уәжі туралы айтылуы. 

   Мұғалімнің ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса назар аударғаны 

дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан ӛсу осы психологиялық ӛлшеммен тығыз 

байланысты. Білім алушыға тиісті еркіндік беру, топтық  жұмыс түрлерін  ұйымдастыру, оқу 

материалын маңызды ақпараттармен  қамтамасыз ету оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал 

етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай оқушысына берері, айтары кӛп болуы үшін мұғалімнің ӛзі де 

үнемі білімін жаңартып, жетілдіріп отыруы тиіс. Оқушы оқу қажет болғаннан емес, ӛз еркімен оқуға 

ынталанып, ӛздігінен уәжделуі тиіс. Оқушы ӛзінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде ӛз 

тәжірибесінде қолдануға болатынын кӛргенде және шынайы ӛмірден алынған жағдаяттарға негізделген 

ӛздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады. 

Мысалы: қазақ тілінде сӛз таптарын ӛткенде қарапайым  мысалдар келтіруде ӛмірден, қоршаған 

ортамен байланыстырып мысал келтірсе немес кез келген ақын-жазушылардың шығармашылығы 

нақышында ӛлеңдер шығарса, не сол шығармаға ӛмірден түйгенінен мысал келтіре пікір жазса болады. 

Шығармасын оқыған оқушыға қолдау кӛрсетіп, марапттап, бағдар берсе, жақсы жазылған жұмысты 

ертең ақ бетке жазып алып кел деп ерекшелігін айтып отырса, кез келген оқушыда ішкі құлшыныс 

пайда болады. Яғни жұмысының керек екенін сезінеді.Мысалы: Қаз дауысты Қазыбек бидің 1-10 

санының мағынасын ашқан ӛлеңін ӛткенде бұл Қаз дауысты Қазыбек бидің ӛз заманына берген 

сипаттамасы енді сендер ӛз замандарыңнан мысал алып кӛріңдер десек. Бір дегеніңіз- бірлік пен 

татулық 


Екі дегеніңіз – егеменді ел 

Үш дегеніңіз – үміт пен сенім 

Тӛрт дегеніңіз – тӛрде отырған мейман. 

Бес дегеніңіз – биіктен кӛрінген ер. 

Алты дегеніңіз –асулы тұрған домбыра 

Жеті дегеніңіз- жетістікке жеткенім 

Сегіз дегеніміз- семіз бие 

Тоғыз дегеніміз- торсық толы қымыз 

Он дегеніміз- Отанын сүйген қазақ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет