Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»



Pdf көрінісі
бет7/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ІҤ ерекшелік:   Екінші ерекшелікте айтып кеткен оқу дағдысындағы 4 дағдының оқылым, 

айтылым, жазылым дағдыларын кӛбінесе басшылыққа алдық та « тыңдалым» дағдысы назардан тыс 

қалып отырды. Тыңдалым дағдысы оқу мақсаттарында  жеке басшылыққа алынып, бӛлек енуі де 

ерекшелік деп айтар едім. Кез келген мәтінді тыңдата отырып әр түрлі ресурстар арқылы  оқушыны 

ынталандыруға болады. Мысалы: Мағжан Жұмабаевтың « Толқын» ӛлеңін оқытқанда толқындарды 

кӛрсете отырып аудио арқылы ӛлеңді тыңдатып, осы ӛлеңді тыңдағанда алған әсерің қандай, қандай ой 

келді деген сұрақтар қою арқылы оқушыдан неше түрлі жауап ала алатынымызға кӛзім жетті.Бір 

оқушымның берген жауабы: 

«Толқындар толқыннан туып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі қуады.Олар жартасқа 

барып,әйеліндей бетін жуып, маңдайынан сүйеді. Сонша жерден асығып келіп,ӛледі. Олардың ӛлгені 

аянышты болғанымен оның орнына қайтадан толқыннан толқын туады. Бұл жартас оның ғана әйелі 

деуге болмайды, оны аналары деуге де болады. Ӛйткені оған жалғыз бір-ақ толқын келіп ӛлмей,бәрі сол 

жерге келіп, қоштасып ӛледі. Толқын ӛлердің алдында барлық мұңын,сырын жартасқа айтып 

барып,кӛзден ғайып болады. Сондықтан бұл ӛмірде ӛлмейтін,тумайтын,сүймейтін ешнәрсе жоқ. 

Толқынды ақырғы сапраға шығарғандай, талдар ӛздерінің жоқтауларын әсерлі үнімен жеткізеді»- деп 

жауап берді. 

Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол 

мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Ұстаз 

үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сӛзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға 

арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс деп ойлаймыз. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 

 



13 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет