Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет9/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

 

ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 

 

Теміртау қаласы № 2 ЖББОМ КММ 

тарих пәнінің мҧғалімі 

Алтынбекова Салтанат Турилбековна 

 

Бүгінгі білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт бүгінгі қоғамға 



лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. Мұндай тұлға ӛз ұлтының және ӛзге ұлт ӛкілдерінің мәдени 

құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек. 

Оқушы біліктілігін арттыру қазіргі оқыту үрдісі мазмұнының басты нысанасы. Түрлі пәндер 

бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының ӛмірлік 

дағдысы мен іскерлігі ӛлшенеді, ендігі жерде білімнің сапасы нәтижеге бағытталады. Іскерлік 

қатынасты кӛтеру мақсат етіледі. Осыдан қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілік ұғымы 

туындайды. 

Құзыреттiлiк – оқу нәтижесiнде ӛзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiрибеден 

қолдана алу. Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтайтын 

жаңа сапа. 

Әр күні ӛзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана кӛшінен қалып қоймай уақыт талабына 

сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол 

мұғалімнен үздіксіз ізденуді, ӛз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Ӛйткені еліміздің ертеңі 

жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған 

шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай 

туындайтын қажеттілік. 

Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу 

үшiн, «құзыреттiлiк»  деген ұғым ғана тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк – жеке тұлғаның кәсi биiс - 

әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгінiң бiрлiгi. Яғни құзыреттілік – 

жеке тұлғаның бiлiмi мен тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлуi скерлiгi мен байланысты тұлға 

қасиетiн бiлдiретi нұғым. Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын құзыреттiлiк ұғымымен нақтылайды, алайда 

бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке 

бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiм мен iскерлiкке қоса, топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге 

ынталылық,  ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдалану 

т.б. iскерлiктер жатады. 

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi мына үш аспектiлiк пен сипатталады: 

- Мәндiк аспект - ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым - қатынас, теориялық 

негiзiн, маңызды мәселелердi ұғыну; 

- Проблемалық - практикалық аспект – оқушының алдына мақсат, мiндет нормаларын қойып 

және орындау жолдарына нықтау; 

- Коммуникативтi аспект - оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және ӛзара ықпал жасауын 

қамтамасыз етедi. 

Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм 

құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға 

қатысын, әрекетке,  белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн 

талдауға, ұтымды түрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен 

кӛрiнедi. 

Сонымен орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн 

нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құндылылығы тӛмендегiше анықталады: 

1. Құндылықты – бағдарлы құзiреттiлiк – жасампаз қоғам ӛмiрiнде ӛз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, 

азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы – ӛз Отанының патриоты болу. 

2. Мәдениет танымдылық құзыреттiлiк – рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. 

Ӛз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени кӛптүрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет 

жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу. 




16 

 

3. Оқу – танымдылық құзыреттiлiгi – оқушының зерттеу әрекетi мен ӛзiндiк оқу – танымдылық 



процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк – зерттеушiлiк 

әрекет арқылы игеру. 

4. Коммуникативтiқұзыреттiлiк - адамдармен ӛзара әрекет пен қарым – қатынас тәсiлдерiн бiлу, 

түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу. 

5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік – ӛз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу

ақпараттық технологияны игеру, интерпретациялау. 

6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық 

қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімгеие болу. Әлеуметтік – 

қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу. 

7. Тұлғалық ӛзін ӛзі дамыту құзыреттілігі – қызметін ӛзіндік қадір қасиет сезімі мен 

ұйымдастыра білу, ӛзінің ӛмірі мен ісіне жауапты қарау, ӛз мүмкіндігін нақты перспективалық 

жоспарламен салыстыра білу, сонда осында мектеп түлегі бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Ол: 

1. Арнайы құзыреттілік – ӛзінің кәсіби қызмет пен жоғары деңгейде айналысатын және ӛзінің 

кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. 

2. Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану/ топпен қабілеті, қызмет 

ету, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдану. 

3. Білім алу құзыреттілігі – білім алу қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат 

қоюшылықты игеруге қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік және креативтіліктің 

дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі. 

Қазіргі кезде тарих  пәнін мектепте оқытудың мақсатымен міндеттері заман талабына қарай 

ӛзгерді. Мен бұл пәні оқыту барысында алдыма қойған мақсаттарым: 

• Оқушыны тарих пәні арқылы мамандыққа баулу. 

• Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру. 

• Білім алуға деген ынтасын арттыру. 

• Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу. 

• Тарих  тіліндегі теориялық білімді практика мен ұштастыру. 

• Мамандығына байланысты тарихи үрдістерді түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру. 

Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың білім берудің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту 

болыпта былады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдерінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс 

жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте оқылғанның 

бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Мәселен, оқушылардан тарихи 

құжаттарды білуді, сондай – ақ осы құжаттарды қолданып,  ӛмірге  икемделуді талап етуге болады. 

Білім беру мазмұнын осы тұрғыдан қайта қарау ӛте пайдалы болар еді. Нәтиже бағдарланған оқыту, 

яғни құзыреттілік тәсіл, ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамытуды 

талап етеді. Құзыреттілік тәсіл тұлғасынан қарайтын болсақ, онда мұғалімнің тілдік құзыреттілігінің 

маңызды бӛлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Тарих  пәнін меңгертуде тарихи жылдардың маңызызор, 

сондықтан сабақ барысында әр жылдардағы болған қызықты  оқиғалардың да оқушы қиялын  ұштап 

отыруда  алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әртүрлі тақырыптарда жеке жұмыстар 

тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін. 

Осындай әдіс – тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері терең 

дейді, есте сақтау, тарих тілі мен сӛйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке 

тәрбиеленеді. Ӛз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе тарих білімнің кәсіби мамандыққа 

бағытталуы дағдымен іс әрекет негізінде ӛздігінен ізденетін, ӛздігінен шешім қабылдайтын, нарық 

заманында ӛмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға 

септігін тигізеді деп сенемін. Пән мұғалімі ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушылардың ғылыми 

ізденісін шыңдап, қабілетін арттыруда ғылыми ізденіс жұмыстарында үлкен шығармашылық еңбек, 

тарихи  тың деректерді пайдалану қажет деп есептеймін. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет