CO тұз түзбейтін оксид, көбінесе жоғары температурада тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық, синтезде қолданылады. Қыздырғанда металл оксидтерінен металды тотықсыздандырады.
CuO + CO = Cu + СО2
SiО2 + 2СО = Si + 2CО2
Көмір (II) оксиді - ауада көгілдір жалынмен жанатын газ.
2СО + О2 = СО2
74Көміртек (IV) оксиді
Көміртек (IV) оксиді - СО2, түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын, жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ (ауада 0,039%). СО2 - көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан (D (ауа) = 1,52) жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелерін қолданады. Сондай-ақ белмелерді де жиі желдету қажет. Ол оңай сұйыққа айналады (5, 7 мПа қысымда, 20°С), ал - 78,5°С қатты күйге де (құрғақ мұз) айнала алады.
Құрылымдық формуласы О = С = О
Көмір қышқылы – екі негізді тұрақсыз, әлсіз қосылыс,бос күйінде алуға болмайды. Көмір қышқылының судағы ерітіндісі – әлсіз электролит, оның диссоциациялану дәрежесі 0,17%. Екі негізді қышқыл ретінде сатылап диссациацияланады:
Н2СО3→ Н+ + НСО-3
НСО-3 → Н+ + СО-3
Достарыңызбен бөлісу: |