3. Топпен жұмыс
Мақсаты: практикалық есептерді шешу дағдыларын, шамаларды бағалау және олардың жуық мәндерін табу; нақты объектілер өлшемдерінің және олармен байланысты геометриялық шамалардың арақатынасы туралы түсініктерді қалыптастыру;
Мұғалімнің іс-әрекеті:оқушылардың үш шағын тобын құрады;
Оқушының іс-әрекеті:талқылай отырып, тапсырманы орындау;
Сипаты: оқушылар топтарының жеке қабілеттерін ескере
отырып, дифференциальдық тапсырмалар құрылады. Оқушыларды топқа бөлу кезінде деңгейлік саралауды қолдануға болады.
Топтық жұмыс үшін практикалық есептер
I топ.
Егер мұнай тығыздығы 0,85 г/см3 тең болса, диаметрі 18 м және биіктігі 7м цилиндр тәрізді цистернаға мұнайдың қандай мөлшері (тоннада) сыйяды?
II топ.
Балмұздаққа арналған конус пішінді стакан тереңдігі 12см және жоғарғы бөлігінің диаметрі 5см-ге тең. Оның үстіне диаметрі 5см-ге тең жарты шар тәрізді екі қасық балмұздақ қойды. Егер балмұздақ еріп кетсе, стаканды толтыра ма?
III топ.
Дұрыс төртбұрышты қиық пирамида тәрізді бакқа 180л бензин сияды. Егер оның табандарының қабырғалары 50см және 70см болса, онда осы бактың терендігін табыңыз.
|
|
|
4. Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы: Дайын сызбалар бойынша есептер.
|
|
Есептер
1.
|
Конустын биіктігі 8, ал жасаушысы 10. Іштей сызылған радиусын табыңыз.
|
2.
|
Конустын биіктігі 2, ал жасаушысы 4. Сырттай сызылған шардын көлемін табыңыз.
|
3.
|
Шар бетінің ауданы 330. Шарға сырттай сызылған цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңыз.
|
4.
|
Шар кубқа іштей сызылған. Егер кубтың толық
бетінің ауданы 1170/π болса, одна шар бетінің ауданын табыңыз.
|
Практикалық есептер
1.Егер мұнай тығыздығы 0,85 г/см3 тең болса, диаметрі 18 м және биіктігі 7м цилиндр тәрізді цистернаға мұнайдың қандай мөлшері (тоннада) сыйяды?
Жауабы: 1513т
2.Балмұздаққа арналған конус пішінді стакан тереңдігі 12см және жоғарғы бөлігінің диаметрі 5см-ге тең. Оның үстіне диаметрі 5см-ге тең жарты шар тәрізді екі қасық балмұздақ қойды. Егер балмұздақ еріп кетсе, стаканды толтыра ма?
Жауабы: Vk >Vш , еріген балмұздақ стаканға сыйяды.
3.Дұрыс төртбұрышты қиық пирамида тәрізді бакқа 180л бензин сияды. Егер оның табандарының қабырғалары 50см және 70см болса, онда осы бактың терендігін табыңыз.
Жауабы: 5 дм
Үй тапсырмасы
1. А нүктесі - биіктігі h болатын цилиндрдің осінің ортасы. В нүктесі – цилиндрдің (центрі –О, радиусы – R) табанында жатыр және АВ түзуі табан жазықтығымен 60◦ бұрыш жасайды. Дененің боялған бөлігінің көлемі .Табаны цилиндрдің табанымен сәйкес келетін, төбесі А нүктесі болатын конустің бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Жауабы: 30
2 .3. Сұйық химикаттарды сақтауға арналған сыйымдылық суретте көрсетілгендей цилиндр мен екі жартылай сферадан тұрады.
a) Сыйымдылықтың көлемін табыңыз.
b) Осы сыйымдылықты дайындауға қанша материал қажет (м2)?
Жауабы: 12 м3 ,31м2
Достарыңызбен бөлісу: |