Ал сын есімдерден орыс тілінде үстеулер мынадай жолдармен жасалады: 1. Сапалық сын есімдердің негізінен -о, -е жұрнақтары арқылы: гладкий - гладко, темный -темно, т.б. Кейде қатыстық сын есімдерден де -о, -е жұрнақтары мен по - сөзалды қосымшасы арқылы үстеулер жасалады: понедельно, помесячно, т.б. 2. Қатыстық сын есімдерден по- сөз алды қосымшасы мен -ьи, -и жұрнақтары арқылы: по- лисьи, по-братски, т.б. 3. Сын есімдердің ықшам тұлғасының септік тұлғаларында шылаулармен тіркесуі арқылы: издалека, снова, т.б. 1. Атау (Именительный), Табыс (Винительный) септік тұлғаларындағы один есептік сан есімінен немесе сандық мағына білдіретін зат есімнен: один на один, один раз, т.б.