Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері Стилистика, лингвостилистика



Дата06.02.2022
өлшемі13,01 Kb.
#79518
Байланысты:
Букаралык 2 тапсырма


Мағат Аружан Дулатқызы
Жу-901
2 тапсырма
Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері
Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль (грек сөзі - stylos) – тақтаға сурет салып, сөз жазу үшін жұмсалатын таяқша.
Қазіргі таңда стилистика ғылымының қоғамдық-әлеуметтік, функционалдыұ-коммуникативтік қызметі күшейіп, негізгі теориялық әрі практикалық міне артып, қолданыс аясы кеңейе түсуде. Сонау ХХ ғасырда тіл білімі дамуындағы ғылыми бетбұрыс – стилистика ғылымынығ да қарқынды дамуына әсер етіп, әсіресе тілдің функционалды аспектісі жан-жақты зерттеуге алынып, оның функционалды стилистика деген дәстүрлі бағыты пайда болды. Оған әлемдік тіл біліміндегі, орыс тілі ғылымындағы зерттеулер, ғылыми таным-тұжырымдар негіз болған деген болжамдар айтылуда. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл аударды. Қазақ стилистикасын зерттеушілер тіл білімінің бұл саласына қатысты өз ой-пікірлерін айтып, бірқатар теориялық ізденістерге барып, жаңаша тұрғыдан зерттеулер жүргізуде. Демек, ғылыми жаңаруды басынан көшіріп отырған ғылымның жаңа бағыт-бағдарларына сүйенетін – стилистика ғылымында да жаңа бетбұрыс, көптеген білім салаларымен тығыз байланысты даму өрдісі басталды.
Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың дәстүрлі қалыптасқан басты төрт саласы бар:
1. Тіл стилистикасы немесе құрылымдық стилистика: фоностилистика; лексика-фразеологиялық стилистика; грамматикалық стилистика.
2. Функционалды стилистика: Ауызекі сөйлеу стилі; Ресми стиль; Публицистикалық стиль; Ғылыми стиль; Көркем әдебиет стилі.
3. Көркем әдебиет стилистикасы.
4. Практикалық стилистика.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет