Стоматология



бет150/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

XIV Т А Р А У
ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АУРУЛАРЫ


Буынның топографоанатомиялық суреттемесі. Самай-төменгі жақ буынының топографоанатомиялық ерекшеліктері оның қабынуының клиникалық көріністері мен емдеу барысында маңызды орын алады.
Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шүңқыры самай-төменгі жақ буынын қүрайды.
Самай-төменгі жақ буынының бір-бірінен айыратын ерек-шеліктері.
1. Буын беткейлері. Гиалинді шеміршекпен емес, нашар жүқа дәнекер тінді шеміршекпен қапталған. Бүл ерекшелігі буынның жиі жарақаттанып, іріңді қабыну дерттері кезінде тыртық немесе суйек тініне ауысыП кетуге бейімділігін сипаттайды (анкилоз).
2. Буын қабының қалыңдығы біркелкі емес. Алдыңғы жағы жүқа болғандықтан оңай созылады. Бұл буын басының алға шығуының себебі болып табылады.
3. Сырт жағынан буын тарамдары самай сүйегінің бет сүйегі өсіндісінен басталатын мықты сіңірмен бекітілген. Оның талшықтары төмен және артқа бағытталып буын өсіндісі мойынның артқы және сыртқы жағында қосылады. Талшықтардың біраз бөліктері буын қабымен бірігіп кетеді. Өзінің күрделі қүрылысына байланысты сіңір буын өсіндісінің соғылған кезде төмен, сыртқа және ішкі қарай ығысуына кедергі жасайды.
4. Буынның ішінде екі жағынан қысыңқы сопақ шеміршек табақша болады. Оның ортасы жұқа (1—2 мм), шеттері қалың (3—4 мм). Табақша фиброзды шеміршектен құралған, оның шеттері буын қапшығымен бірігіп кеткендіктен оны төменгі және жоғарғы қабаттарға бөледі. Табақшаның атқаратын қызметі орасан зор. Ең алдымен ол буынның сүйек беттерін бір-бірінен ажыратып, олардың бірігіп кетуіне кедергі жасайды, төменгі жақтың оңай қозғалысына мүмкіндіктер туады. Төменгі жақтың көтеріліп түсуі кезінде табақша мен буын шұңқыры тұтас құрылым құрайды, себебі табақша қозғалыссыз қалады. Иекті алға қарай жылжытқанда, әсіресе оны төмен қарай түсірген кезде табақша буын басымен бірге буын шұңқырынан шығып алға жылжиды. Төменгі жақты жанына қарай жылжытқанда бір жағындағы табақша өз орнынан жылжып, өз өсінен айналады. Буын элементтерінің бір-біріне қатынасы тістесуге, әсіресе оның биіктігіне тікелей байланысты. Қалыпты жағдайда самай-төменгі жақ буынының үш түрі белгілі.
1. Тегіс буын. Буын шүңқыры терең емес, бірақ кең. Төменгі жақтың буын басы жалпақ, төмпешігі биік емес. Мұндай буындар тік тістесулерге сай келеді.
2. Аздап томпақ шұңқыр буын. Буын шұңқыры жақсы айқындалған, басы томпақ, төмпешігі де жақсы жетілген. Буынның бұл түрі ортогнатиялық тістесуге сай келеді.
3. Томпақ шұңқырлығы қатты жетілген буын. Буын шұңқыры жақсы жетілген. Төменгі жақтың буын басы томпақ, төмпешігінің артқы етегі биік. Мұндай буын терең күрек тістің тістесуіне сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет