Студент – қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид, яғни өз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам



Дата24.12.2021
өлшемі21,56 Kb.
#104709
Байланысты:
Айдана баяндама


...Студент – қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид, яғни өз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам.

Шығармашылық – сол индивидтің жаңадан ойлап табу болмысын немесе бір игі істі жалғастыруға қызығушылығы болсын, тым болмаса әрекетке ұмтылуы деп алайық. Студенттің ғылыми жұмыспен айналысуы, мәдени шараларға белсене араласуы, қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы, қазіргі күні белең алған ең ізгі шара. Студенттердің өзін-өзі басқаруының бір мүшесі болуы, міне, осының барлығы студенттің тек жеке басы үшін ғана емес, алғашында өзінің оқу орны үшін, кейін елі үшін атқарар ісінің бастамасы болып есептелінеді. Яғни, шығармашылық шырқау шегінің нәтижесіне жетуге осы кезден қамдана бастайды. Яғни бойындағы қабілетін дарытады. Оның барлығына ықпал ететін тылсым күш иесі бұл оқытушылар болмақ. Егер ғылыми іспен айналысатын болса, ғылыми жетекшісі, шығарма жазатын болса, тіл байлығы мықты, сөзге шебер ұстаз керек, өнер саласында жүрер болса, биші, жезтаңдай әнші дегендей әр саланың бабына сай бапкері студенттердің шығармашылықпен айналысуына ықпал жасайды. Нәтижесінде студент оқу бітіргеннен кейін келелі мол келешектің тізгінін ұстайтын, бостандыққа толы болашақты бастайтын, айбаты арыстандай, қайраты жолбарыстай, аузы дуалы, білегі қуатты, білімі мол, қай салада болса да аянбай тер төгуге бар жас маман иесі болып шығады. Бұл сөзсіз шындық.

Төрт-бес жыл еңбектеніп, жарқын болашағының іргетасын қалап, бойына жігерлілік пен қайсарлылықты, рухшылдық пен жаңашылдықты жиып өскен студент енді елі үшін жұмыс жасауға сақадай сай. Күші асып, жігері тасып, өзінің емес, ұлтының мүддесі үшін жан қиюға әзір.

Менің ойыма, осы жағдай, яғни студенттің шығармашылық жұмысын дамыту арқылы Жаңа қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеудің бірден-бір жолы осылай жүзеге асу керек секілді. Болмаса тек «ілім-білім» деп өзге елдердің ғылымынан сусындап, өз ғалымдарымыз толық зерттей алмай жатқан салаларының кесірінен ол студенттердің қызығушылығы құны бөлек өзге елге ауып кетуі мүмкін. Бұл – үлкен қорлық. «Өзге елде – сұлтан болғанша, өз еліңде – ұлтан бол». Осы бір сөздің астарын зерделей білген жанның санасының еш сергелдеңге түспей, яғни өз елінің құндылығын, құдіреттілігін, таңертең шапағатын арайлатар ақ таңының, күндіз шуағын шашып тұрар күнінің, кеш бата бозараңдап, түн ортасында адам баласына сәуледей жарық сыйлаған айының, әрбір құбылыстарының сондай ыстық, қымбат екенін сезінері хақ.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дейді қазақтың данасы М.Әуезов. Бесіктен белі шығып, ананың ақ сүтімен әлдиіне, ыстық алақанына құмарланып, оны бір жыл бойы сол отбасының жанында, яғни кіші отбасында бойына ұлтжандылықтың, Отан сүйгіштіктің, патриоттық тәлім тәрбиенің құндылықтарын сіңірген жас буын иесінің, үлкен өмірге аяқ басып, ата-анасынан жырақ, яғни басқа қалаға білім нәрімен сусындауға келіп, студент атанған, қаймағы бұзылмаған уыздай сүттің болашақ сол сүт болып қалуына немесе сол сүттен ашыған салып, ащы айран етіп алу да осы студент кездің үлесінде екен. Егер осы кезде сол студент жан-жақты іспен айналысуға талпынар болса, онда оның болашағы айқын, басар биігінің бастауы жарқын болмақ.

Әрбір жастың жүрегінде осы секілді істер болатын болса, онда олардың бойында Отанға, ұлтқа, елге деген сүйіспеншілік те сөзсіз болады. Қандай жағдайда болмасын, ел, мемлекет үшін патриоттықтың қажет екендігі өзінен-өзі белгілі. Себебі, көне грек мемлекетінде қалыптасқан бұл ұғым өз елін сүю, өз халқына берілген, елі, жұрты үшін қандай да болсын қиындыққа төзуді аңғартады. Сондықтан да бұл ұғымның интернационалдық бағыты да бар. Әр елде азаматтар бұл ұғымға өзінше баға береді. Әр елде әр жас шамасындағы азаматтардың ой-санасы әртүрлі деңгейде дамитыны тағы бар, сонда бұл ұғымның сан қырлы бағыты бар дегенді білдіреді. Түрлі елдің азаматтарының патриоттығы әр деңгейде болғанымен, барлық жерде патриоттар Отанының бүгінгі дұрыс өмірі және жарқын болашағы жайында күрескерлер болып қала береді.

Болашақ Қазақстанның іргетасын берік қалауда оның әрбір құмын, кірпішін, тасын Отанға деген сүйіспеншілікпен, елге деген ерлікпен, өр рухпен ұстап сезінетін болсақ, теңдік алуға талпынған тіленші ұлтшылдық жолында аянбай тер төккен тарих тарландарының еңбегінің зая кетпегендігі. Өткеннің осындай іскерлігі – бүгіннің үстемдігі.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Бұл жалпы адам бойындағы құбылыс. Ал студенттердің шығармашылығын дамыту болашақтың үлкен сапарына аяқ бастырар сәтте оған тура жол сілтеу үлкен маңызды іс. Әрбір студент өз жүрегінде күш жігері мықты сезім орнатуы тиіс. Ол ешқашан жасып қалмауы керек. Студент өз бойынан шығармашылық қабілеттерін, даралық бейімділіктерін, өзгеге таныта білуі керек. Студенттердің қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек философы Сократ өз ізбасарларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Шығыстың әйгілі ойшылы әл-Фараби адамның ақыл-ойын қабілетін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған. Халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде (43-ші қара сөзі) де адам бойындағы қабілеттерін әрі қарай дамыту, шыңдау қажеттілігін алға тартады. Сонда ғана олар пайдаға асатынын жазады.

Қазіргі таңда жаңа Қазақстанда қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді шығармашылық адам қажет. Ол үшін әрбір оқытушы сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, студенттердің жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырғаны жөн. Өз ұлтын, өз Отанын сүйетін адам ең бірінші өзін, өзінің жанұясын сүюі керек. Соны қорғай білу керек. Сонда ғана біз бойында патриоттық сезімі басым студенттерді кездестіре аламыз.

Студент кез келген уақытта ізденіп, тың мәселелерді зерттеп, тыңнан тыңшыға айналуы керек. Тың оқиғалармен барша жұртшылықты хабардар етіп отырған студент қана жан-жақты жүргендігін көрсете алады. Содан барып ол өзінің шығармашылық жолын бастайды. Ал шығармашылық ұғымы – жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Барлығына да ең әуелі үлкен сенім мен тәуекел керек. Сенімділік пен бойыңдағы күш-қайрат болмаса, онда біз бағындырмайтын биік белес жоқ. Бұған біздің жігеріміз де, жүрегіміз де жетеді. Себебі, біз шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгел сүйегінен өткенде, кеудесінде жанартауы жарылып, көздің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып, бір-ақ тоқтаған елміз. Міне, біз осындаймыз. Студент қабілеті мен дарынын, шығармашылын дамыту арқылы бойындағы қаһары қатты патриот сезім туралы жүрегінде иненің көзіндей сәуле ашу – бүгіннің ең басты талабы.

Елбасы өз сөзін жастарға арнағанда: «...Бүгін барлық ауыртпашылықтар артта қалып, мемлекетіміз өркениетті елдің өркенді жолына қадам басты, дамудың даңғыл жолына түсті деп айта аламыз...

...Мен Сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. ...Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.

Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.

Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы...».

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарға арнаған Жолдауында білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік салаға ерекше қамқорлықтар көрсетілгендігін атап өтті.



Жас толқынның қоғам өміріне белсене араласуы қазақ елінің өркендеп өсуіне зор ықпалын тигізері анық. Жастарымыз мән-мағынасы зор түрлі шараларға белсене араласып, өз ойын жетік білдіріп, еліміздің саясатына тікелей ат салысса, қадамымыз оңды болмақ. Үміттің ақталғаны деген осы болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет