Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Стандарт. «Кеуде торының ашық енген жарақаты (ашық пневматоракс) кезіндегі күттірмейтін көмек



бет27/46
Дата05.05.2020
өлшемі231,85 Kb.
#66009
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
оеска t Word (3)-1

5.53. Стандарт. «Кеуде торының ашық енген жарақаты (ашық пневматоракс) кезіндегі күттірмейтін көмек.

Мақсаты: алғашқы көмек көрсету.

Көрсетілім: кеуде торының ашық енген жарақаты.

Керекті құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған қолғаптар, антисептикалық ерітінді, ампулалы анальгетиктер (кеторол, кетонал, кетотоп, промедол, жеке таңу пакеті, лейкопластырь, мұзды мұйық, тонометр және фонендоскоп, қауіпсіз утилизация қорабы (КБУ).

Іс-әрекеттер алгоритмы:

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Науқасты тыныштандырыңыз, манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасты өзіңізге қаратып, жартылай отырған қалып беріңіз.

4. Қолдарыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғаптар киіңіз.

5. Жарақатты қарап шығыңыз.

6. Ауырсыздандыру мақсатында кеторол 2 мл бұлшықетке, немесе промедол 2%-1 мл

салыңыз.


7. Жарақатты антисептик ерітіндімен өңдеңіз (жарақатты өңдеу стандартына қара).

8. Жарақатқа окклюзионды таңғыш салыңыз.

- жараны залалсыздандырылған салфеткалар мен тығындаңыз;

-жарақат айналасындағы теріге майлы ерітіндіні жағыңыз;

-жеке таңу пакетінің залалсыздандырылған жағын жара бетіне қойыңыз;

- лейкопластырмен жабыстырыңыз;

9. Жара үстіне мұзды мұйық қойыңыз;

10. Қолғаптарды шешіп қауіпсіз утилизация қорабына салыңыз;

11. Науқасты зембілге жартылай отырған күйде орналастырып хирургиялық бөлімшеге

тасымалданыз;

12. АҚҚ-на, тамыр соғысына, тынысына бақылау жұргізіңіз;

Ескерту: - клапанды пневматоракс ауа плевра құысыга жарақат арқылы әр тыныс алғанда еніп, дем шығарғанда тамыр қабырғаларының жабылуына байланысты сыртқа шықпай қалады. Тыныс алған сайын плевра қуысында ауа жинала береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет