«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
199
ТАБИҒИ СУЛАРДАН БОРДЫ СЕЛЕКТИВТІ СОРБЕНТТЕРМЕН СОРБЦИЯЛЫҚ
БӨЛІП АЛУ
Құрманғалиева Г.А.
Ғылыми жетекшісі: PhD Бейсембаева Л.К.
Әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
университеті
gulzhaukhan@internet.ru
Қазіргі кезде аса маңызды тек Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемдік мәселенің бірі
табиғи сулардың сапасы мен олардың құрамындағы микроэлементтерден тазартып,бөліп алу
жолы болып табылып отыр. Ауыз су мен табиғи судан бор мен бораттарды жою мәселесі өте
ауқымды себебі экономиканың және техниканың тез дамуына байланысты қолданыстан
шыққан
қалдық сулармен, табиғи сулардың құрамында ауыр металдардың салыстырмалық
үлесі көбею үстінде. Мен өзімнің тақырыбымды тереңірек қамту үшін-диатомит сорбентінің
көмегімен сорбциялық бөліп алу әдісін жүргіздім. Жұмысты бастамас бұрын әуелі физика-
химиялық
қасиеттеріне мән берген жөн, себебі табиғи наноқұрылымданған диатомиттің
төмен дисперсті текстірге ие болуы оның фильтрация коэффициентін нашарлатады.
Сондықтан берілген зерттеу жұмысының мақсаты диатомит минералының сорбциялық
қасиетін
арттыра отырып, сүзу технологиясына бейімдей отырып модификациялап, судағы
борды және оның иондарын тазалау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін тәжірибелік бөлімде келесі
міндеттерді қарастыру
көзделді: 1) табиғи наноқұрылымданған диатомит минералының жалпы қасиеттерін анықтау;
2) табиғи наноқұрылымданған диатомитті термо модификациялау; 3) табиғи және
модификацияланған диатомиттің судағы бор иондарына
қатысты сорбциялық қасиетін
анықтау. Сонымен қатар мына параметрлерге сай зерттеу жұмысын жүргіздім: 1) Қ:С
фазалар арасындағы байланыс; 2) cулы ортадан бор қышқылын бөліп алу кезіндегі pH-тың
өзгерісі; 3) cу құрамындағы бор иондарын коагулянттар бетіне тұндыру; 4) коагуляциядан
кейінгі су құрамынан бор мөлшерін анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: бор қышқылдарын
сорбциялық сорбентт ретінде
диотамиттің термо модификациялау барысында беріктілік қасиетін ұстап тұратын
температура анықталды. Бор қышқылдарын табиғи сорбенттермен және өндірістік
қалдықтармен сулы ерітінділерден сорбциялық жалпы заңдылықтар анықталды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
200
Достарыңызбен бөлісу: