Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет232/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
Әдебиеттер тізімі 
1. В. Ф. Мысик., А.В. Жданов., В.А. Павлов. // Металлургия ферросплавов: технологические расчеты 
: учебное пособие – Екатеринбург : Изд-во Урал. унта, 2018. – 394-395 с. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
239 
«ИОД-ИОДИД» RED-OX ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШТІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Каскатаева А.М., Ораз Ұ.Ә., Турлыбекова М.Н. 
Ғылыми жетекшісі: техн.ғ.д., профессор Баешова А.К.
 
Әл
 – 
Фараби
 
атындағы
 
Казақ
 
ұлттық
 
университеті
 
adiyakaskatayeva@mail.ru
 
Қазіргі таңда автономды химиялық ток көздерінің рөлі арта түсуде. Химиялық ток 
көздерінде химиялық энергияның электр энергиясына айналуы жүзеге асады [1]. Химиялық 
ток көздерінің жұмысы тотықтырғыш пен тотықсыздандарғыштарды қолдану арқылы 
атқарылады. Электр энергиясын алу үшін тотығу және тотықсыздану реакциялары бөлек 
кеңістіктерде жүргізілуі керек. Электрохимиялық әдіспен электр энергиясын химиялық 
энергияға кері айналдыруға да болады, демек, оны химиялық түрде жинақтауға болады [2]. 
Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты сулы ерітіндіде иод-иодид red-ox жүйесін қолдану 
арқылы түзілетін электр қозғаушы күш (ЭҚК) пен қысқа тұйықталған токтың мәнін (ҚТТ) 
анықтау.
Электролиз жүргізу үшін иодтың және калий иодидінің сулы ерітінділері 
дайындалды. Электродтар ретінде графит қолданылды. Тәжірибелер бөлме 
температурасында жүргізілді. Өлшеулер М2044 вольтамперметрін қолдану арқылы 
жүргізілді. Ол үшін алдымен иодтың сулы ерітіндісінің концентрациясы бір мәнде (10 г/л) 
тұрақты түрде алынып, калий иодидінің сулы ерітінділердегі концентрациясы 1 ‒ 20 г/л 
аралығында өзгертіліп отырды. Дайындалған электролиттер электродтық кеңістіктері 
анионитті мембранамен бөлінген электролизердің ұяшықтарына құйылды және осы 
ұяшықтарға беттік аудандары бірдей (S=12 см
2
) графит электродтары орнатылды. Графит 
электродтарын вольтметрге және амперметрге жалғау арнайы тізбек арқылы құрылып, 
электродтар арасындағы электр қозғаушы күш пен қысқа тұйықталған ток мәні әрбір 10 
минут сайын өлшенді. Алынған электр қозғаушы күштің бастапқы және соңғы мәндерінің 
арасында айырмашылықтар байқалды. Калий иодидінің концентрациясы 20 г/л болған кезде 
ЭҚК = 90 мВ болса, қысқа тұйықталған токтың (ҚТТ) мәні 1,2 мА-ге тең болды. Уақыт өте 
келе электр қозғаушы күш 57 мВ-ке дейін, ал токтың мәні 1,04 мА-ге дейін төмендеп, ары 
қарай осы мәндер 2 сағат бойы тұрақты болып сақталды.
Қорыта айтқанда, сулы ортада электродтарда иод-иодид тотығу-тотықсыздану 
реакцияларын іске асыру арқылы химиялық реакциялардың энергиясын электр тогына 
айналдыруға болатыны алғаш рет көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет