«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
238
ПЕШТЕН ТЫС ӘДІСПЕН ФЕРРОВОЛЬФРАМДЫ ӨНДІРУ
1
Казибай А.А., Мутушев А.Ж.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Акназаров С.Х.
1
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
2
ЖШС
«
Жалын
ғылыми
өндірістік
-
техникалық
орталығы
»
akazibay@gmail.com
Ұсынылған ғылыми жұмыста өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез
режимінде өтетін алюмотермиялық әдіспен құрамында вольфрамның концентрациясы төмен
және әр түрлі вольфрамитті қоспа шикізаты мен вольфрамды сынықтан ферровольфрам
алынды.
Бұл жұмыста төмен концентрациялы вольфрамы бар шикізаттан (20,5 %) құрамы 60%
вольфрамы бар қорытпа алынды. Болашақта оны вольфрамит концентратына вольфрам көзі
ретінде қосу арқылы, еш байытусыз қайта өңдеу мүмкіндігі бар. Алюмотермиялық әдістің
басқа әдістерден артықшылығы - құрамында 90-93% вольфрам
бар қорытпаны балқыту
мүмкіндігі [1]. Оксидтердің алюмотермиялық жануында алюминийдің жану температурасы
оның қайнау температурасынан асып түскенде жарылу процесі басталып, реакцияға түсетін
қосылыстың шашырауы мен булану салдарынан металдың жоғалуы орын алады. Сондықтан,
бұл әдіспен ферровольфрам
қорытпасын алу барысында, өзекті болып табылатын
температура мен қысымның реакция жылдамдығына әсері зерттелді.
Артық қысым
вольфрамның тотықсыздану реакциясының тепе-теңдігіне әсер етпеді, тек реакцияға түсетін
қоспаның таралуын тежейтіп, жоғалуына
жол бермейтіні анықталды, бұл қорытпаның
шығымдылығын арттыруға және мақсатты металды алуға ықпал етеді.
Тәжірибие нәтижесінде белгілі бір қысымдарда ферровольфрамды
алғандағы жану
жылдамдығының өзгерісі: кедей шикізаттан 5 атм. қысымда 3-4 г/сек; вольфрамды
сынықтардан 7-8 атм. қысымда 55-60 г/сек; ал вольфрамитті концентрат 5-7 атм. қысымда
жану жылдамдығы 150-170 г/сек болды. Кеңдердің негізгі химиялық қасиетін құрамындағы
экологияға
зақым тигізетін фосфор, күкірт, мышьяк және т.б. минералдар көрсетеді.
Рентгендік фазалық талдау мәліметтері бойынша, вольфрамит концентратында күкірт пирит
түрінде көрсетіліп, реакцияда 420 ̊С температурада бу түрінде күкірттің бөлінуі жүреді.
Күкіртті кетіру үшін вольфрамитті концентратты алдын-ала күйдіріп, бөлінген күкірттің
және
әк ерітіндісімен SO
2
сіңіру кинетикасы зерттелді.
Достарыңызбен бөлісу: