Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН КОМПОЗИЦИЯНЫҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет151/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН КОМПОЗИЦИЯНЫҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ҚАСИЕТТЕРІНЕ АМИЛАЗАНЫҢ ӘСЕРІ 
 
1
Назарбай А.Н.

2
Шакиров Г.К.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Тюсюпова Б.Б.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

2
С

Аманжолов
 
атындағы
 
Шығыс
 
Қазақстан
 
мемлекеттік
 
университеті
 
Ғалымдар бірнеше оңжылдықтар қатарынан экологиялық апаттың жақын екенін айтып, 
алаңдаушылық танытуда. Әртүрлі салаларда жүргізілген зерттеулер адам әрекетінің 
ықпалымен климаттың және сыртқы ортаның әлсіреуін көрсетіп отыр. Сағыз құрамындағы 
химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Және Е-120, Е-636, Е-320, 
Е-322, Е-414, Е-422 сияқты компоненттердің салдарынан тіс ауруларын туғызады. 
Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Тағамдық өнеркәсіпте соның ішінде сағыз 
өнімдері үй-жайдың ішінде, қоғамдық орындарда, тамақтану орталықтарында, көше 
беттерінде және т.б. сондай-ақ осындай орталарда қозғалыстағы адамдардың аяқ киімдері 
мен киімдеріне қатты жабысып қолайсыздықтар себебін туғызады. Мұндай залал мен 
қолайсыздықтар қазіргі кезде шығарылатын сағыз өнімдері құрамы көбінесе шайыры бар 
табиғи немесе синтетикалық эластомерлі полимерлерге негізделеді, ал мұндай полимерлер 
қоршаған ортада өте ұзақ уақыт ыдырамауы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан тазалыққа 
жауапты билік орындары қалған сағызды жою үшін елеулі күш салуы қажет, алайда бұл 
қымбат және қанағаттанарлық нәтиже бермейді. Осыған орай, зерттеу жұмысының негізгі 
мақсаты ферменттерді енгізу арқылы биоыдырағыштығын арттыратын сағыз өнімдеріне 
қажет материалды алу. Яғни сағыз құрамындағы полимердің химиялық байланыстары 
фермент әсерінен биоыдырағыштығын жоғарылатады. Нәтижесінде фермент қосылған 
сағыздың қоршаған ортаға оң әсері артады. Зерттеу барысында крахмал-желатин және 
крахмал-агар-агар негізінде композициялық үлдірлер алынды. Осы алынған үлдірдің 
реологиялық 
қасиеттеріне 
амилаза 
ферментінің 
әсерін 
зерттедік. Реологиялық 
сипаттамаларды анықтау өте маңызды көрсеткіштердің бірі. Себебі, сағызды қолдану 
тұтынушыларға қолайсыздық туғызбау қажет. Яғни, беріктілік, аққыштық, эластикалық, 
созылғыштық және деформациялық көрсеткіштері мемлекеттік стандарттар талаптарына 
сәйкес болу керек. Реологиялық сипаттамалары МТ 150 жару машинасы құрылғысымен 
өлшенді. Зерттеу нәтижелерінен крахмал-желатинге қарағанда, крахмал-агар-агар жүйесі 
үшін амилаза ферментінің концентрациясы арттқан сайын әсері жоғары екендігі анықталды. 
Яғни, фермент әсерінен жүйенің беріктігінің төмендеп, деформациясы артатындығын 
байқадық. Бұл амилаза ферменті осы концентрацияларда жүйе құрамындағы гликозидттік 
байланыстарды үзе бастауымен байланысты болуы мүмкін. Гликозидттік байланыстардың 
үзілуі биодекструция процесі ықпалының бар екендігінің бірден-бір дәлелін көрсетеді. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
157 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет