Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет184/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

TiO
2
 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОТОКАТАЛИТИКАЛЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІ 
 
Жузбаева С.Е., Хайытбаева З.П., Оразов Ж.Қ. 
Ғылыми жетекшісі: к.х.н., профессор Уралбеков Б.М. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
E-mail: zhsymbat200212@gmail.com 
Ластану және қоршаған ортаның бұзылуы, сондай-ақ жеткілікті таза және табиғи 
энергия ресурстарының болмауы қазіргі уақытта жаһандық ауқымда кездесетін ең маңызды 
мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда, фотокатализаторлар ластанған су мен ауаны 
тазарту, залалсыздандыру, қоршаған ортаны қорғау және энергетика саласындағы 
қолданбалар мен өнімдерде кеңінен қолданылады. Жалпы, фотокатализ – күннің энергиясын 
тұрақты, қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, 
көптеген мәселелерді шешуге қабілетті, қолдануға оңай технология.
Фотокатализаторлардың ішінде TiO
2
органикалық ластаушы заттарды ыдырату үшін, 
супергидрофильділік, химиялық тұрақтылық, ұзақ қызмет ету мерзімі, уыттылық, төмен 
құны және күшті тотығу қабілетіне байланысты ең көп зерттелген және көптеген 
тәжірибелерде қолданылады.
Жұмыстың мақсаты – коммерциялық TiO

Р25 фотокатализаторының симуляцияланған 
жарық қатысында фотокаталитикалық белсенділігінің кинетикасы мен фотодеградациялау 
механизмін анықтау.
Бұл жұмыста, TiO

Р25
жартылай өткізгішінің фотокаталитикалық қасиеттерін анықтау 
мақсатында үлгі ретінде 10 мг/л Orange II органикалық бояғышының фотодеградациялану 
механизмі зерттелді. Жұмыс барысында Osram Ultra Vita-Lux 300W лампасымен 15 мВт/м

қарқындылықты симуляцияланған күн сәулесі түсіріліп, зерттеудің нәтижелері EMC-11-UV 
спектрофотометрінде анықталды. Алынған фотокатализатордың құрылымдың ерекшеліктері 
РФА әдісімен зерттелді. 
Жұмыстың барысында жарықпен сәулелендірілген 10 мг TiO

Р25 фотокатализаторы 
Orange II органикалық бояғышын симуляцияланған күн сәулесінің қатысында жоғары 
фотодеградациялық қабілет көрсетті. Фотокаталитикалық процестің механизмін анықтау 
мақсатында Orange II бояғышына тесіктер(
h
+
), электрондар(
e
-
), OH•, 
1
O
2
, O
2
• 
радикалдарының сөндіргіштерін қосу арқылы фотокатализдеу тәжірибесі жүргізілді.
Нәтижесінде коммерциялық TiO
2
P25 фотокатализаторы жоғары фотокаталитикалық 
белсенділік пен фотокатализ процесінде h
+
бөлшектері көмегімен органикалық ластағышты 
ыдыратуға қатысатыны анықталды және РФА нәтижелері бойынша дифрактограммада 
анатаз бен рутил TiO
2
құрылымдарының пиктері табылды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет