СУ ОРТАЛАРЫНАН Ag СОРБЦИЯЛЫҚ КОНЦЕНТРЛЕУ ҮШІН ӨСІМДІК БИОМАССАСЫНЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН АРЗАН МИКРОКЕУЕКТІ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР АЛУ Жумаканова А.М. Ғылыми жетекші: PhD, Кишибаев К.К. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті zhumakanova.aiya@mail.ru Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде белсенді көмірдің (БК) әртүрлі маркаларын
алу үшін қажетті күл мөлшері аз көміртегі бар шикізаттың тапшылығы байқалады, олардың
өндірісі экологиялық проблемалардың шиеленісуіне, сондай-ақ жаңа қолдану салаларын
табысты игеруге байланысты барған сайын артып келеді.
Белсендірілген көмір (БК) мұнай қалдықтары, көмір (атап айтқанда қоңыр көмір),
ауылшаруашылық қалдықтары, ағаш және биомасса материалдары сияқты шикізаттан
синтезделуі мүмкін. Өсімдік қалдықтарын өндіру ауыл шаруашылығы қолданылатын
жерлерде кең таралған және оның өндірісі 17 дәнді дақылдар мен 25 бұршақ дақылдары үшін
жылына 3107 тоннадан және коммерциялық деңгейде 27 азық-түлік дақылдары үшін
жылына 3758 тоннадан асады [1]. Белсендірілген көмір (БК) - көмірден немесе биомассадан
термиялық немесе термохимиялық процестер арқылы алынған көміртегі бар қатты зат.
Белсендірілген көмір жақсы дамыған кеуекті құрылымымен, жоғары меншікті бетімен және
жоғары адсорбциялық қабілетімен сипатталады.
Зерттеу барысында әр түрлі өсімдік биомассасының қалдықтарына негізделген
белсендірілген көмірдің текстурасы сипатталды. Зерттеу барысында сорбция уақыты, рН
және Т:Ж қатынасы өзгерген кезде Ag-ге қатысты қайың, жүгері және жүзім тұқымына
негізделген белсендірілген көмірдің сорбциялық қасиеттері анықталды. Зерттеу нәтижесі
бойынша Ag сорбциясы pH = 3,18 кезінде, қайың негізіндегі белсендірілген көмірдің
сорбциялық алу дәрежесі ең төмені 15 мин - 75,3%, ең жоғарғы 180 мин - 90% көрсетті.
Салыстырмалы түрде жүгері негізіндегі белсендірілген көмірдің сорбциялық алу дәрежесі ең
төменгі 30 мин - 27,9%, ең жоғарғы 120 минутта - 59% екендігі анықталды. Сондай-ақ
жүзім тұқымы негізіндегі белсендірілген көмірдің сорбциялық алу дәрежесі ең төменгі 10
мин - 32,9%, ең жоғарғы 180 мин - 59,2% көрсетті. Нәтижелерді қорытындылай келе, қайың
негізіндегі белсендірілген көмірдің уақыт пен рН-ға байланысты Ag алудың жоғары дәрежесі
бар екені анықталды.
Әдебиеттер 1.
Al Khusaibi T.M., Dumaran J.J., Devi M.G., Rao L.N., Feroz S. Treatment of dairy wastewater
using orange and banana peels // Journal of chemical and pharmaceutical research. – 2015. – N 7(4). – P.
1385-1391.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
192