ӨТПЕЛІ МЕТАЛЛ ГУМАТТАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Төлендина
М.Е.
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Дәулетбай А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
madikosh2603@gmail.com
Гуминді заттар – тізбектердің биоэнергетикалық матрицасының құрамдас бөлігі болып
табылатын ерекше органикалық қосылыстар. Олар көптеген табиғи объектілерде кездесіп,
олардың негізгі органикалық құрамдас бөлігі болып табылады [1]. Жалпы гуминді заттар
суда еру қасиетіне байланысты гумин қышқылы, фульвоқышқыл және гуминдерден
құралады. Бұл зерттеу жұмысында гумин қышқылының металдармен комплекс түзу қабілеті
және осы алынған кешенді қосылыстардың
электрохимиялық
қасиеттері қарастырылады.
Гумин қышқылы макромолекулалық құрылымға ие органикалық қосылыс. Оның негізгі
құрылымында оң зарядты функционалды топтармен (пептидтік, азотоптар, аминдер,
амидтер) қатар теріс зарядты топтар (гидроксил, карбонил, фенил, карбоксил, метокси) бар.
Гидроксил, фенил, карбоксил, кетондық топтар гумин қышқылының металдармен кешенді
қосылыстарды түзуіне тікелей қатысады [2]. Нәтижесінде жабық бес немесе алты мүшелі
циклдармен сипатталатын, металл ионынан, донорлық атом және карбоксил тобының
гидроксилді оттегісінен тұратын хелатты қосылыстар пайда болады. Олар суда еритін,
коллоидты және әртүрлі химиялық тұрақтылығы бар суда ерімейтін кешендер түзе алады.
Сонымен қатар гумин қышқылы және металл ионынан наноөлшемді бөлшектері бар
кешендер де түзіледі. Бұл оларды электрокаталитикалық жүйеде пайдалануға мүмкіндік
береді [3].
Кешенді қосылыс қабілетіне байланысты, зерттеу жұмысында Екібастұз аймағынан
алынған гуматтық қосылыстардан гумин қышқылы синтезделіп, гумин қышқылы-металл
кешендері алынып, кешенді қосылыстардың физико-химиялық қасиеттерін қарастыру және
олардан түрлендірілген электродтарды алу зерттелуде. Алынған түрлендірілген
электродтардың әсері сутек пероксидінің тотығу-тотықсыздану процестеріне сыналады.
Достарыңызбен бөлісу: |