Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет258/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
266 
СИРЕК МЕТАЛДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН ЖОҒАРЫЛАТУҒА 
ПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІ ЖАСАУ 
 
Баянғалиева
1
 М.Н., Фрунзеева
1
 А.Б. 
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Усипбекова
2
 Е.Ж.
М
.
Өтемісов
 
атындағы
 
Батыс
 
Қазақстан
 
университеті
1
 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
2
 
bayangaliyevam@gmail.com
Сирек металдар ғылым және жаңа техниканың көптеген салаларында кеңінен 
қолданылады. Оның ішіндегі жартылай өткізгіштерде, β-сәуле көзі ретінде радиоизотопты 
құрылғыларда, металдық таллий подшипникті және жеңіл балқитын құймаларды алуда 
қолданылады. Алайда тазалығы жоғары сирек металдарды алу күрделі, себебі сирек 
металдың тұнуына бөгде қоспалар (тұну потенциалдары жақын) кері әсерін тигізеді. Осыған 
байланысты аталған жұмыс сирек металдың таза тұнуына кедергі жасайтын металл 
иондарын (полимерлермен комплекстүзу процесі арқылы) бөлек тұндырып алуға 
негізделген. Атап айтқанда металдардың полимерлі лигандалармен комплекстүзу процесін 
қолдана отырып, яғни оларды комплекске түсіріп сирек металдың тазалығын жоғарылатуға 
арналған. 
Зерттеу мақсаты: Полимердің металл иондарымен (стронций, кадмий) комплекстүзу 
процесінің термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларын есептеу, олардың 
қолданыс аясын, сирек металдың тазалығына әсерін зерттеу.
Кадмий және стронций иондарының полиэтиленгликольмен комплекстүзу процесіне 
физика-химиялық зерттеу жүргізілді. Кадмий мен стронцийдың полиэтиленгликольмен 
кешенді қосылысының тұрақтылық константасы мен құрамы анықталды. Ерітіндінің иондық 
күші мен температураның комплекстүзу процесіне әсері қарастырылды.
Зерттеу объектілері ретінде полиэтиленгликоль, тұз қышқылы, азот қышқылы, натрий 
нитраты, натрий хлориді, химиялық таза маркалы SrCl
2
*6H
2
O, Cd(NO
3
)
2 *
4H
2
O алынды. 
Тәжірибе 298 К, 308 К, 318 К температураларда, иондық күштері әр түрлі мәндегі 
ерітінділерде: 0,1; 0,5; 1,0 жүргізілді және индифферентті электролит ретінде NaCl мен 
NaNO
3
қолданылды. 
Зерттеу барысында түзілген комплекстің кинетикалық сипаттамаларын (жылдамдық 
константасы, реттілік) спектофотометрлік әдіс арқылы анықталды. 
Сонымен, бөгде металл иондарымен полимерлердің комплекстері сирек металдың 
селективті тұнуына мүмкіндік береді, оның тазалығын арттыруда, сонымен қатар ағын 
суларды тазартуда қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет